«Көшпенділердің әскери мәдениеті. Военное искусство кочевников» (империя саков–тюркский каганат-казахское ханство)

«Көшпенділердің әскери мәдениеті. Военное искусство кочевников» (империя саков–тюркский каганат-казахское ханство)

Көшпенділердің дәстүрлі әскери өнері – сақ, ғұн, түркі, түркі-моңғол, қазақ, т.б. халықтардың ежелден келе жатқан әскери тәсілдерінің жиынтығы. Атадан бабаға қалған қасиетті жерді қорғаған батырларымыздың жаугершілік соғыста қолданған қару-жарақтары, меңгерген тактикалары жайлы тарихшы, зейнеткер ұстаз Нұғыманов Бақытбек Бәжейұлы кеңінен әңгімелеп берді.

Садақ, мылтық, қылыш, шоқпар, айбалта сынды қарулардың, батырлардың киімдері, жарақтардың әрбір түрін жіктеп, жасалуы мен қолданылуы туралы қызықты ақпараттарға тоқталды.

«Бес қаруы сайланған» батырларымыздың, хандарымыздың әрқайсысының соғыс тактикасын қолдануы туралы тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды.

Шара ZOOM бағдарламасын қолдана онлайн форматта өткізілді.

Share

Пікір үстеу