Материалдық емес мәдени мұраны дамыту аясында «Дәстүр және мәдениет» этно-көрмесімен таныстыру жалғасуда

Материалдық емес мәдени мұраны дамыту аясында «Дәстүр және мәдениет» этно-көрмесімен таныстыру жалғасуда

Материалдық емес мәдени мұраны дамыту аясында «Дәстүр және мәдениет» этно-көрмесімен таныстыру жалғасуда. Бұл күні біздің кітапханамызға келген сарбаздар ЮНЕСКО-ның тізіміне енген 14 элементпен танысып, киіз үйде жиналған жиһаздарды тамашалап, ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақ, асықпен ойнап, уақыттарын сапалы және көңілді өткізді.
Осындай ұлттық маңызы бар мерекелік басқосу арқылы біз ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді жас ұрпақ бойына сіңіріп, ертеден келе жатқан мәдени мұраларымыздың сын-сипатын бұзбай, сол қалпында ұсынуға мүмкіндік аламыз.
Share