Мейірім, ынсап және әділет

Мейірім, ынсап және әділет

«Мейірім, ынсап және әділет» тақырыбында педагогика және психология ғылымдарының магистрі Берік Кәдірұлының  қатысумен дөңгелек үстел өтті.

Басқосуда Абай атындағы ШҚ гуманитарлық колледжінің студенттері, З. Ахметов атындағы №16 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың белсенді студенттері қатысты.

Берік Кәдірұлы өз сөзінде мейірім мен әділет күнделікті естіп жүрген сөз. Ал «Ынсап» дегеніміз қандай мән береді?! Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағаннан, – деген екен Шәкәрім атамыз. Кемеңгер ата-бабамыз ынсапты қанағат пен ұжданның арасына қоюы тегін емес. Қанағат белгілі бір жағдайда ашкөздікке салынбай, барға шүкіршілік ете білу болса, ынсап сол қанағатты тудыратын, Жаратушының бергеніне тәубе етуден пайда болатын адам жанының бір қазынасы. Ынсап, мейірім мен әділдік сияқты адами жоғарғы құндылықтардың шекарасы екендігін жастарға айтып, жеткізді.

Сонымен қатар отырыста Абай атындағы  гуманитарлық колледждің студенті Әсем Рахым өз ойын ортаға салды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауаптар алды.

#мейірім
#вкодюб
#vkolibrary

Share