Менің жасыл әлемім

Автордың жаңа кітабында жазушының балалар мен жасөспірімдерге арналған әңгімелері мен ертегілері, хикаяттары топтастырылған. Тілі тартымды, сөзбен салған суреттердің бояуы қанық, ойы жүйрік. Әр әңгіме оймақтай ой желісінен түйін түюімен ерекшеленеді. Кәнігі сөз зергерінің ұстаханасы көз алдыңызда сомдала түседі. Қазақ ауыз әдебиетінен жөңкіле көшкен батырлық жырлар сарыны дейсіз бе, шешендік сөздері иірімі дейсіз бе, жазушы Баян Болатханова қолтаңбасынан бәрін де табасыз. Тұшынып оқитыныңызға сенеміз, сүйікті оқырман!

Share