Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Балалар және жасөспірімдер кітаптарының апталығы өз жалғасын табуда. 5 сәуірде Б.Соқпақбаевтың 100-жылдығына арналған «Менің қиялымдағы бақытты сәт» атты кітапхана кеші өтті. Кітапханада арнайы әзірленген түрлі аймақтар балалар мен олардың ата-аналарын Б.Соқпақбаевтың шығармаларымен таныстырды және ХХ-ғасырдың 60-70 жылдардағы атмосфераға алып келді: «Ретро стилінде» фото аймағы, «Аяжан», «Комната страхов», «Менің балалық шағымның ойындары», ретро-караоке, «Библиодартс» және тағы да басқалары.