Мен әлі өмір кешем…

Абылқасым, А. Қ. Мен әлі өмір кешем… / А. Қ. Абылқасым. – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2022. – 456 б.             

Ақын Айжарық Абылқасымның бұл жинағына әр жылдары жазылған өлеңдері топтастырылды. Өзіндік өрнегі бар, оқырманын сан қилы ойға жетелейтін таза табиғи көңіл ауаны – оның өзіне ғана тән табиғи ерекшелігі. Арпалысқа толы тағдыры, сәби шақтың соқпақтары, жастықтың қайталанбас қайраты, азаматтық келбеті – естеліктер хикаятында өз бедерін тапқан. Парасаттылық пен азаматтыққа, ұлтжанды рухқа толы ақын мінезі кез келген оқырманды өз иіріміне тарта алады. Өлең жағалауына созылған ақын тағдыры мұқалмас қайрат пен шынайы табиғатқа негізделген. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Share