«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Семь граней Великой степи»
Жыл көлемінде Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мемлекеттік бағдарламаларының басты идеялары мен бастамаларын іске асыруға бағытталған іс-шараларды өткізді. Келесі шаралар өткізілді: жазушы А.Асқардың 70-жылдығына арналған «Жазушы болу да – тағдырдан» онлайн-сұхбаты, Р.Бағланованың 100-жылдығына «Сандуғашы сан ұрпақтың» онлайн-кездесу, «Азаттықтың ақ таңы» мүшәйра[1], деректі фильмдердің, танымал әндердің авторы М.Балмолдамен «Ізгіліктің жыршысы» атты онлайн-кездесу, «Тіршілік нәрі. Камень, спасший жизнь» гастрономиялық тур (қазақтың ұлттық тағамдары құрт, ірімшік туралы), танымал би Әнет бабаның 395-жылдығына «Дала данышпаны» құқық аймағы, «Ғажайып сәт» фотокөрмесі, «Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы» онлайн-кездесу, «Балалар әдебиеті – жүрегімде» онлайн-кездесу, «Пусть строки в сердце отзовутся» әдеби портал, «Әділ заң – тірегің» құқықтық лекторий, «Прогулки по Алтаю!» фотограф Е.Домашевпен кездесу, «Театр менің өмірім» дубляж шебері және
аудармашы И.Рамазанұлымен онлайн-кездесу, «Жеті қазына – өмір қажеті» этноквест, «Мен таңдаған кәсіп…» peak climbing[2], «Братья Абдуллины: легендарный дуэт» джем-сейшн, «Орда бұзар жасыңмен, Тәуелсіздік» Облыстық поэтикалық battle т.б.
30 қыркүйекте ШҚО «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесінің бастамасымен аудандық және қалалық кітапхананың мамандарына кеңестер берілді, онда Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылдығы» арнайы жобасы бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.
ШҚ ОБЖК «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстық және қалалық деңгейде 25 көлемді іс-шара өткізіп, 18640 адамды қамтыды. Барлық мәдени шаралар жас ұрпақты адамгершілік-эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге, оның азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, жоғары патриоттық сенімін, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, ұлттық мәдениетпен таныстыруға ықпал етті.
«Жеті қазына – өмір қажеті» бағдарламасы
2021 жылы кітапхана «Жеті қазына – өмір қажеті» бағдарламасын табысты іске асырды. Жыл көлемінде формасы әр түрлі мәдени шаралардың көмегімен қазақ халқында ер адамға қажетті жеті қазынаның мазмұны ашылды: ер жігіт, көрікті әрі ақылды әйел, жүйрік ат, бүркіт, жүйрік тазы, берен мылтық, жан-жақты білім.
Келесі шаралар өткізілді:
- «Пернатый охотник – умная птица» лайфстайл-көрме, онда қазақ халқының күнкөріс кәсібі болған аңшылықтағы адал досы – қыран бүркіт туралы ақпараттар оқырмандардың назарына ұсынылды. https://www.facebook.com/vkolibrary/videos/754415118550046/;
- «Көшпенділердің атқа міну мәдениеті. Всадническая культура номадов» кітап көрмесі. Экспозиция әдебиеттермен ғана емес, сонымен қатар оқырмандарға ұсынылған материалдың мазмұнын жан-жақты ашуға бағытталған мұражай экспонаттарымен, инсталляция элементтерімен толықтырылды. https://www.facebook.com/watch/?v=237387234687809;
- «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» history mix, оқырмандар осы ерекше тұқымның, оның ішінде адай және жабы жылқыларының пайда болу, таралу тарихын, сонымен қатар ол туралы көптеген қызықты деректерді білді. Еліміздің ұлттық ат спорты түрлері федерациясының негізін қалаушылардың бірі, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, асыл тұқымды жылқы шаруашылығы мен ат спортын дамыту тақырыбындағы кітаптар мен ғылыми жарияланымдардың авторы – Сәдібек Түгел ақпарат берді. https://www.facebook.com/vkolibrary/videos/3564254253679322/;
- «Ит жақсысы – тазы» көрме-лайфстайл, онда облысымызға танымал құсбегі, атбегі, Шығыс Алтай бүркітшілер федерациясының президенті, қазақтың ұлттық спорт түрлерінің нағыз білгірі Тәттімбет Кәпұлының сұхбаты ұсынылды.
- «Лошади в белых халатах» иппотреапия рецептер. Атқа міну денсаулыққа пайдалы әсер етеді, ағзаның белсенділігін, жинақылықты арттырады. Кітапхана оқырмандары емдеудің осындай ерекше әдісі туралы біліп қана қоймай, Өскемен ипподромдарының бірінде болып, атпен жұмыс істеу ережелері, қауіпсіздік техникасы және иппотерапия бойынша толық ақпарат алды. Сонымен қатар, ат спортының ерекшеліктері, оның түрлері туралы деректер берілді.
https://www.facebook.com/739058856227188/videos/697805590913712;
- «Басты назарда: Ботай жылқыларының тарихы» мәденивояж, онда «Ботай мәдениеті» мен жылқының қазақ даласында алғаш қолға үйретілуі көпшіліктің назарына ұсынылды, https://fb.watch/3YcyImONkg/;
- «Кербез керқұлан Джунгарское чудо: путь к возрождению» мәдени триатлон (Пржевальский жылқылары туралы). Онда орыс саяхатшысы, географ және натуралист Н.Пржевальскийдің есімімен аталған жылқыны қолға үйрету кезеңдерімен танысты. https://www.facebook.com/739058856227188/videos/1409097216149688;
- «Әкелер әңгімесі» онлайн айдары отбасы құндылықтарын дәріптеу, қазақ қоғамындағы әкенің рөлін ашу мақсатында мәдени шараларды өткізді (спикерлер: жазушы, әдебиеттанушы А.Мекешұлы, журналист Б.Қайратұлы, тарих ғылымдарының кандидаты А.Сайлаубекұлы т.б.) – https://www.facebook.com/vkolibrary/videos/1376517779367051;
- «Сырғалым» клубы бойжеткендерге, отбасындағы мінез-құлыққа үйретеді, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары арқылы сұлулық, махаббат, әдептілік сияқты ұғымдарды таныстырады.
21 желтоқсанда қорытындылау шарасы – этноквест өтті, қатысушылар тақырыптық алаңдардан өтті, олардың әрқайсысы «жеті қазынаның» бір немесе бірнеше қырларын ашты.
Бұл – бүркітшілік саласына танымал Хамитжанов Архат Қиялбекұлымен кездесу және оның қанатты досы – қыран бүркітпен танысу, ақсақалдан ақ бата алу және отпен тазарту рәсімі, «Білім қазынасы» алаңында зияткерлік тапсырмалар, «Жақсы тілектер алаңында» шараға қатысушылар шарадан алған әсерін «бір минуттық эсседе» ұсынды. https://www.facebook.com/photo/?fbid=325680402890926&set=pcb.325683676223932
Бұл бағдарлама балалар мен жасөспірімдерді отансүйгіштікке, руханиятқа, ұлттық болмысқа және ата-баба тарихына баулуға ықпал етті; дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, сонымен қатар қазіргі заманда қазақтың ұлттық рухын сақтап, асқақтатып жүрген тұлғалармен таныстыру.
«Жазушы болу да тағдырдан» жазушы Әлібек Асқардың
70-жылдығына арналған шығармашылық кеш
26 қаңтарда Қазақстан Жазушылар одағы ШҚО филиалы және С.Аманжолов атындағы ШҚУ-мен бірлесе ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Журналистика Академиясының академигі, «Парасат» орденінің, ІІ дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, жазушы Асқаров Әлібек Асылбайұлының 70 жас мерейтойына арналған «Жазушы болу да тағдырдан» атты онлайн әдеби конференциясын республикалық деңгейде өткізді. Кеш тізгінін Қазақстан Жазушылар одағы ШҚО филиалының төрағасы, ақын – Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлы өз қолына алды. Онлайн шарада оның досы Ерен Жұмағұлов қатысып, жазушыны жан-жақты тұлға ретінде таныстырды.
Конференцияға елімізге белгілі академиктер, жазушылар, филология ғылымдарының доценттері, профессорлар қатысты. Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Филология ғылымдарының докторы, профессор Қасқабасов Сейіт Асқарұлы Әлібек Асылбайұлының шығармашылығы туралы салмақты пікірін айта келіп, туған күнімен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Төрағасы Ұлықбек Есдәулет жазушының мерейлі жасын жыр шумақтарымен құттықтады. ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал да қаламгерді мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар жазушының қаламдас достары мен әдебиет әлемінде жүрген аға-бауырлары да өз ізгі тілектерін арнады: Н. Акыш, А. Алтай, К. Сегизбай, А. Егеубай т.б. Журналист, суретші Мерей Қайнар Әлібек Асқармен бірге өлкемізге жасаған зерттеу жұмыстары туралы, сондай-ақ осы тақырыптарда басылып шығарылған кітаптары туралы әңгімеледі. Кездесу өзара сұхбатта өтті, қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойды. (Жалпы қамтылу саны 37 адам)
https://www.facebook.com/vkolibrary/photos/pcb.2168486503284409/2168529626613430
«Сандуғашы сан ұрпақтың» онлайн-кездесу
(Роза Бағланованың 100-жылдығына)
Биыл кеңестік, қазақ опера және эстрада әншісі Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл. Ол өз шығармашылығымен тыңдармандардың бір емес бірнеше буын ұрпағын қуантты, қазақ мәдениетінің дамуына, оның әлемдік деңгейде танылуына зор үлес қосты.
Осы атаулы күнге орай кітапхананың Instagram парақшасында «Алтын Сақа» қорының директоры, қазақ халқының сүйікті әншісі Роза Бағланованың келіні Марал Бағлановамен онлайн-сұхбат өткізілді. Сұхбат барысында Марал қазақ халқының сүйікті опера және эстрада әншісінің өмірі туралы әңгімеледі. Роза Тәжібайқызының мінезі мен инабаттылығын, әдетінен ешқашан айнымайтынын атап өтті. Роза Бағланованың «Айналайын халқымнан еркелеткен» атты автобиографиялық кітабына ерекше назар аударылды. Бұл кітап жеке құжат ретінде оның әншілік өнерінің басында, Кеңес Одағы кезінде – соғыста, соғыстан кейінгі, тоқырау кезеңдерінде және тәуелсіз Қазақстан жылдарында табысқа жетуіне не себеп болғанын ашып көрсетеді. Онда автор өзінің қалай танымал болғандығы туралы айтып, өмірінің кейбір деректеріне тоқталады. Ұлы әнші туралы бұл кітаптан еш жерде айтылмаған көптеген мәліметтерді алуға болады. Сұхбаттан кейін пайдаланушылар көптеген жақсы пікірлер және ұйымдастырылған кездесу үшін алғыс сөздерін қалдырды. (көрсетілім саны 846) https://www.facebook.com/vkolibrary/videos/476534803398104/
«По географии родного края» табиғи альманах
Табиғат, Отанға деген сүйіспеншілік географ мамандығының негізінде жатыр және бұл ең алдымен ерекше адамға – Егорина Анна Васильевна қатысты.
21 сәуірде өткізілген табиғи альманах кітапхана залында оның әріптестерінің, достарының, географияға қызығушылығы бар адамдардың басын қосты. Кездесуге география ғылымдарының докторы, профессор А.В.Егоринаның 75-жасқа толуы және Шығыс Қазақстан географиясы бойынша жарық көрген монографиялар, атластар, мектеп оқушыларына арналған оқулықтардың тұсаукесерлері себеп болды. Анна Васильевнаның жаңа басылымдары туралы «ВКПК Арго» ЖШС директоры С.В.Семенов және университеттің магистратура студенттері әңгімелеп берді. Кездесуде ұстазы, досы және тәлімгері, атақты географ және климатолог Қ.И. Попова туралы естеліктермен бөлісті. Профессор Л.А.Линева қызықты оқиғаларға толы студенттік жорықтар туралы естеліктерімен бөлісті. География ғылымдарының кандидаты А.С.Чурсин, мұрағатшылар И.В.Дурново, Л.П.Рифель, әдебиеттанушы И.Б. Каланчина жылы лебіздері мен тілектерін білдірді. С.Аманжолов атындағы ШҚУ құрметті профессоры И.А.Полторанин және Алтай Мемлекеттік университетінен әріптестері А.Н.Дунец, И.Н.Ротанова (Барнаул, РФ), сонымен қатар Өскемен педагогикалық институтының әр жылдағы түлектері бейнеқұттықтаулар жолдады.
Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің студенті М.Казбекованың орындауындағы Р.Ловланданың «Песня секретного сада» туындысы және «Золотой Тургусун» Халықаралық фестивальдың жеңімпазы М.Родионованың орындауындағы авторлық әндер шараға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. https://www.facebook.com/vkolibrary/posts/2237967489669643
«Прогулки по Алтаю!» кездесу
Кітапхана оқырмандары – өлке табиғатының сұлулығын ерекше бағалайтындар мен фотография өнеріне қызығушылар Шығыс Қазақстан облысының үздік фотографтарының бірі Евгений Вадимович Домашевпен кездесті. Спикер жас фотографтарға өңіріміздегі тарихи орындар туралы қызықты фактілермен бөлісіп, көне кен, қазба орындарын зерттеу – өзінің жаңа қызығушылығына айналғаны туралы және өзі куә болған ерекше саяхаттары туралы сөз қозғады: Белогорские штольни «Первая», «Юбилейная» – тантал, «Чексамрь» – мыс жіне басқа да қазба байлықтары.
Белгілі фотограф кітапхана оқырмандарына өлкеміздің көрікті әрі саяхатшылардың ең көп келетін жерлері – Подбелушье, Ивановский жотасы, Бұқтырма, Тайынты, Сауыр-Тарбағатай өңірлерінің әсем табиғаты туралы қызықты ақпараттар берді. Евгений Вадимович – эколог, ол осы уақытқа дейін қанша рет саяхат жасаған болса, сонша рет өзінің квадрокоптерінің көмегімен табиғаттың ерекше сұлулығына, әсерлі болмысына көпшілікті тәнті етті.
Сұхбат барысында фотографтың квадрокоптердің көмегімен жасаған таңғажайып пейзаждары Англиядағы Кембридж қаласында ұйымдастырылған «Золото Великой степи» көрмесін ұйымдастырушылардың назарын аударып көрмеге қойылды, Домашевтың көптеген фотосуреттері журналдарда жарияланды. Спикердің әңгімесін өзінің экскурсия барысында жасаған қайталанбас фотожұмыстарының көрмесі толықтырып отырды. Шараға қатысушылар мен болашақ фотографтар кеш қонағына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ізгі-тілектерін білдірді. https://www.facebook.com/photo?fbid=2422082827924774&set=pcb.2422083314591392
«Мен таңдаған кәсіп…» онлайн-сұхбат
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай кәсіпкер, фермер, «Нұрдана» шаруа қожалығының директоры Пазылов Серік Советханұлы кітапхананың әлеуметтік желі бетінде өткен «Мен таңдаған кәсіп …» онлайн-сұхбатына қатысты.
Кәсіпкер өзінің еңбек жолын мысалға ала отырып жас ұрпақты алдыға мақсат қоя білуге, білімдерін жетілдіруге, қоғамға пайдасын тигізуге кеңес берді.
Оның кәсіби жолы: ауыл әкімі, Зайсан ауданы мәслихатының депутаты. Тәуелсіздік жылдары Серік Советханұлы фермерлік қызметте үлкен табысқа детіп, еңбекқорлығын көрсетті. Сонымен қатар кәсіпкер қайырымдылқ шараларымен де айналысады: оның бастамасымен Шілікті ауылында мешіт салынды, спортта жетістікке жеткен талантты жастарға гранттар бөлінеді.
Әңгіме барысында фермер Қазақстанда асыл тұқымды ірі қара малын өсіру әдістері, ауылда кәсіпті қалай бастау керектігі және фермер жұмысының басқа да күрделі тұстары туралы айтты.
Табысты тұлға С.С.Пазылов бизнес-идеяларды және стартап жобаларды іске асыруға, бәсекелестік пен прагматизм идеяларын дамытуға, өзінің Отанына деген патриоттық сезімді қалыптастыруға үлгі болды. https://www.facebook.com/vkolibrary/videos/554212165876106/
«Братья Абдуллины: легендарный дуэт» джем-сейшн[3]
Республикамыздың камералық вокальді музыкасының жарқын беттері есімдері танымал кәсіби музыкалық театрдың көрнекті әртістері, қазақ орындаушылық өнерінің шеберлері, КСРО және Қазақстан Халық әртістері ағайынды Ришат және Мүслім Абдуллиндермен тығыз байланысты.
Кітапхана оқырмандары үшін Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасымен бірлескен кәсіби музыкалық театрдың көрнекті әртістері, қазақ сахна өнерінің шеберлері, КСРО мен Қазақстанның халық әртістері Ришат пен Мүсілім Абдуллиндердің туғанына 105 жыл толуына арналған шығармашылық іс–шара өткізілді. Кездесу спикері – Семей қаласының Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның қызметкері Әсем Мұратбекқызы әртістердің өмірі мен шығармашылығы жайлы айтты. Өнер мектебінің оқытушылары мен студенттері, ағайынды Абдуллиндердің шығармашылығының талантты жалғастырушылары көрнекті өнерпаздардың құрметіне концерт дайындады.
Іс-шара өскелең ұрпақты қазіргі Қазақстанның музыкалық мәдениетімен таныстыру, тұлғаның эстетикалық қасиеттерін дамыту, ағайынды Абдуллиндердің ерекше тұлғаларын үлгі ете отырып өзін-өзі қалыптастыру, жаңғырту және сақтау мақсатында өткізілді. https://www.facebook.com/photo/?fbid=2392194914246899&set=pb.100063469064037.-2207520000
[1] Ақындар сайысы
[2] Шыңды бағындыру
[3] Бір немесе бірнеше шығармашылық тұлғаға арналған іс-шара