Микроскоппен нені көреміз? : терезелі энциклопедия. – Алматы : Bilim Media Group, 2021. – 16 б. : сурет. – (Терезелі энциклопедия).
Айналамыздағы тіршілік көзге көрінбейтін ұсақ-түйек заттардан тұрады, біз олар туралы тіпті ойланбаймыз. BilimKids сауда маркасы ұсынған «Микроскоппен нені көреміз?» терезелі энциклопедиясы балаңыздың ең сүйікті кітабының біріне айналады. Өйткені онда біз көңіл бөле бермейтін құпиялар мен жұмбақтар сыры топтастырылған. Кітаптың ішінде көз тартар жарқын иллюстрациялы 8 айқарма бет және қызықты деректерге толы 62 терезе бар. Бала оны ашып қарағанда, көзден таса таңғажайып микроәлеммен танысады. Кітапты балаңызбен бірге оқыңыз – уақытты қызықты әрі пайдалы өткізіңіз!