11 ақпанда жас оқырмандарға орманның және оның тұрғындарының таңғажайып табиғатын ашқан совет жазушысы, орнитолог және журналист Виталий Валентинович Бианкидің туғанына 130 жыл толды.
№11 мектеп-лицейінің 2 сынып оқушыларына В.Бианкидің 130 жылдығына орай “Мир по имени Бианки” атты танымдық сабағын өткізіп қайтты.Шара барысында кішкентай оқырмандарды жазушының ертегілері мен әңгімелеріне сүйене отырып табиғат әлеміне саяхаттап, автордың “Синичкин календарь”, “Лесные домишки”, “Мышонок Пик” тағы басқа туындыларымен танысты. Сондай-ақ құстардың әсем дауысын, жануарлардың іздерін тауып тартысты ойын өрнегін көрсетті. Балдырғандар жасырынған жұмбақтардың жауабын дәлме-дәл шешіп, көңілді би билеп тарқасты.