Михина-Козлова, Тамара Владимировна (1928-2018)

Тамара Михина-Козлова (Голованова) 1928 жылы 22 маусымда Семей қаласындағы қызметкерлер отбасында дүниеге келген. Әкесі есепші, анасы мұғалім болған. Әкесі маңайындағыларды өзіне баурап алатын қонақжай және ақжарқын еді. Оның үйі әрқашан  қонақтарға лық толы болатын-ды. Қыздарына арна үнемі  көңілді әрі жеңіл оқылатын өлеңдер жазатын. Алты жасында ол оқуды үйренді, 2-3 жылдан кейін Толстой, Тургенев, Мамин-Сибиряк, Пушкин, Лермонтовтың байыпты шығармаларын оқи бастады. Бір-екі рет оқыған өлеңдерін жатқа айтатын. 15 жасында өзі өлең жаза бастады. 1958 жылы ол Металлургтер мәдениет сарайындағы әдеби үйірмеге бара бастады. Алғашқы өлеңдері зауыттың «Металлург» газетінде жарияланды. 1960 жылы ақын «Рудный Алтай» газетінің жанындағы облыстық әдеби бірлестікке қабылданды. 1963 жылдан бастап ол үнемі газет бетінде жарияланып келеді. Сондай-ақ, шығармалары Ленинград қаласының Петровская Ғылым және Өнер академиясы жанындағы «Восток», «Иртыш», «День Казахстанской поэзии», «Простор» және «Медный всадник» журналдарында жарияланып тұрды.

«Наткины загадки» атты балаларға арналған кітабы 1985 жылы жарық көрді («Жалын», Алматы). Көп ұзамай балаларға арналған «Загадки, стихи, рассказы» кітабы жарық көрді (ШҚМУ баспасы, Өскемен, 2001).

«Синь лес» атты лирикалық өлеңдер жинағы мен «В грибном лесу» кітабы жарық көрді.

2011 жылы Қазақстан-Американ Еркін Университетінде «Наследие региональных авторов» топтамасы бойынша ақынның  Любить, понимать и беречь» өлеңдер жинағы, ал бір жылдан кейін осы топтамада Тамара Михина-Козлованың «Судьба в твоем имени» прозалық кітабы жарық көрді. (Өскемен, 2012).

Тамара Михайловна жарқын да жомарт, ұзақ өмір сүрді, ақыл-ойының айқындылығын және әдеби достардың шығармашылығына деген қызығушылығын өмірінің ақырына дейін сақтады. Саусақтары қарындашты ұстай алмай қалғанға дейін ол жазудан шаршамады.

Ол өзінің оптимизмімен айналасындағылардың бәріне үлгі болды, ал тоқсан жасқа толуына бірнеше күн қалғанда дүниеден озса да оның есімі балалар мен ересектерге арнап жазған кітаптары арқылы ел есінде мәңгі сақталары сөзсіз.

Произведения Т.М. Михиной-Козловой

  • Михина-Козлова, Т. М. Наткины загадки [Текст] : стихи / Т. М. Михина-Козлова. – Алма-Ата : Жалын, 1985. – 14 с. : ил.
  • Михина-Козлова, Т. М. Стихи, загадки, рассказы [Текст] : сказки / Т. М. Михина-Козлова. – Усть-Каменогорск : ВКГУ им. С. Аманжолова, 2002. – 92 с. : цв.ил.

О ней

  • Второй литературный салон поэтессы И.М. Козловой // Деев, В.И. Памятные места русской литературы в Усть-Каменогорске [Текст]: набор из 32 буклетов / В. И. Деев ; рец. П. Д. Поминов. – Усть-Каменогорск : Изд-во ВКГУ им. С. Аманжолова. – 32 буклет : фот. – Буклет №21.
  • Уходят из жизни поэты… [Текст]: воспоминания, эссе, стихи о Тамаре Михиной-Козловой (Головановой). – Усть-Каменогорск, 2019. – 38 с.: ил.
Share