«Открытая дверь» бағдарламасы

«Открытая дверь» бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі балаларға дені сау құрдастарымен оқу және қарым-қатынас жасау арқылы әлеуметтік тәжірибе алуға көмектесуге бағытталған. Оқу балаға тек рухани даму ғана емес, сонымен қатар терапевтикалық әсер ете алатындығы белгілі. Сол себебті балалар үшін өткізілетін барлық іс-шаралардың негізінде кітап жатыр.

Осы санаттағы адамдар үшін әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыра отырып, кітапхана олардың тұлғааралық қарым-қатынасына, өзара қолдауына ықпал етеді. Мұндай іс-шаралар оқырмандардың білімін байытып қана қоймай, көңіл-күйін көтереді, жақсы психологиялық жағдай қалыптастырады. Кітапхана балалар өмірінде маңызды орын алады. Киелі қара шаңырақта жалпы мерекелер, мазмұнды тақырыптық кездесулер, отбасылық демалыс күндері бар, онда балалар да, ересектер де көп нәрсені үйренеді.

Share