«Ойды өзгертетін әзілдер: әзіл-сықақ әңгімелерді оқимыз және өзімізді танимыз» облыстық бір мезгілде дауыстап оқу акциясы

«Ойды өзгертетін әзілдер: әзіл-сықақ әңгімелерді оқимыз және өзімізді танимыз» облыстық бір мезгілде дауыстап оқу акциясы

23 сәуірде Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне арналған «КІТАПшоу-2024» Республикалық фестивалі аясында Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы  «Ойды өзгертетін әзілдер: әзіл-сықақ әңгімелерді оқимыз және өзімізді танимыз» облыстық бір мезгілде дауыстап оқу акциясын ұйымдастырды. Акцияға қала мен Облыстың балалар мен мектеп кітапханаларының оқырмандары белсене қатысты. Мұндай іс-шаралар кітап пен оқуды насихаттауға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың жағымды және мейірімді дүниетанымын қалыптастыруға ықпал етеді. Шараға барлығы 600-ден артық адам қатысты.

 

Share