Ольга Плотникованың «Қарапайымдылықтың өзі әдемі» жеке көрмесі

Ольга Плотникованың «Қарапайымдылықтың өзі әдемі» жеке көрмесі

Балалардың көркемдік талғамын тәрбиелеу және олардың дүниетанымын кеңейту мақсатында кітапхананың қала және облыстың шығармашылық адамдарымен тығыз ынтымақтастығы үлкен роль атқарады. Кітапхананың өлкетану орталығы Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, «5 сезім» көркемсурет студиясының жетекшісі, жас суретші Ольга Плотниковамен бірлесіп жұмыс істейді. Ол жетекшілік ететін студияның жеткіншектерінің туындыларының көрмелері оқырмандарымыздың үлкен қызығушылығын тудыруда.
Бүгін біз оның «Қарапайымдылықтың өзі әдемі» атты жеке көрмесінің ашылуына қатысып, оның талантының қыр-сырына тәнті болдық. Өз тарапымыздан біз Ольгаға шығармашылық жаңалықтар мен олардың жүзеге асуын және жаңа көрмелерді тіледік.

Share