С.Аманжолов атындағы ШҚУ журналистика мамандығының студенті, жас ақын Сұлтанғазы Санжар Кәкімұлының кеше ғана баспадан шығып, сиясы кеппеген «Он сегізінші көктем» және «Көрінбей кеткен көк сағым» жыр жинағының тұсаукесері өтті. Сүбелі сөзден жыр өрнектеген жас ақын өзінің туындылары туралы айтып, болашаққа деген арман-ойларымен бөлісті. Тағылымы мол, жыр сүйер қауымды қуантқан іс-шарада Қозықанова Фатима «Көктем келді» өлеңімен бастап, Дукешова Ақнұр «Адамзаттың асыл тәжі» атты өлеңін мәнерлеп оқыды. Жанына жақын достары өз тілектерін білдіріп, жырдан шашу шашты.