Үйірме сабағында оқырмандар өз құрдастарын отбасы мүшелерімен таныстырды, сонымен қатар достарының отбасылары туралы біле алды. Балалар өздерінің туған-туыстары мен жақындары жайлы айтып, көрсетіп, олардың әуестігі мен отбасылық дәстүрлері туралы ағылшын тілінде сөйлесуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, балалар «Small talk» әңгімесі барысында бір-біріне сұрақтар қойып, алдынала отбасы мүшелері туралы жұмбақтар ойлап таба алды.