«Оқушылардың оқырмандық құзіреттілігін қалыптастыру» семинар практикум

«Оқушылардың оқырмандық құзіреттілігін қалыптастыру» семинар практикум

Кітапханада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тыңдаушылары мектеп кітапханашылары үшін «Оқушылардың оқырмандық құзіреттілігін қалыптастыру» атты семинар практикум өткізілді. Дәстүрлі сергіту сәтінен басталған семинар жұмысы  «Kahoot» дидактикалық ойын және тестілеуді жасау Web викториналық платформасымен танысумен жалғасын тапты. Сонымен қатар қатысушылар сапалы құлаққаптардың көмегімен Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романымен танысып,  оқиғаны бастарынан кешіргендей әсер алып, өз ойларымен бөлісті. Ал Оралхан Бөкей шығармасындағы аналар бейнесіне арналған панорамалық сабақта мәтінді flippity, «Аnswergarden» әдістері арқылы талдап, «Квест» ойынын ойнады. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарды кітап пен оқуға тартуда ұсынылған жаңа форматтағы іс-шараларға қызығушылық танытты.

Share