English Club: Discovering the World

14.03.2024

Қытай өзінің ежелгі мәдениетін әсіресе бүкіл әлемге таралған төрт маңызды өнертабыстарын (қағаз жасау, басып шығару технологиясы, компас және оқ-дәрі жасау) мақтан тұтады.

中国的四大发明 «China’s Four Great Inventions» («Қытайдың төрт ұлы өнертабысы») атты клуб отырысында оқырмандар осы «Төрт Ұлы Табыс» туралы ақпаратпен бейнеролик арқылы танысты. Әрі қарай «Жұмбақ иероглифтер» ойынында қатысушылар көне қытай суреттік таңбалары арқылы иероглифтердің мағынасын табуға тырысты. Сондай-ақ, Kahoot сайты арқылы тест шешіп, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді. Оқырмандарға «Ежелгі Қытайдың төрт ғылыми қазынасы» атты кітап көрмесі ұсынылды.  Соңында қатысушыларға өз қолдарымен ежелгі қытай баспа әдісі бойынша иероглифтерді жазуға мүмкіндік берілді.

04.01.2024

 «Around the Christmas»

«Around the Christmas» мерекелік қарлы лабиринті әлемнің басқа елдерінде бар Рождестволық әдет-ғұрыптармен таныстыратын тіл клубының мүшелері үшін өтті. Қатысушылар шығармашылық, зияткерлік және музыкалық тапсырмаларды орындады. «Кім ең епті?» ойынында балалар мерекелік шырша ойыншықтарын жинауы керек болды. «Ақ қарды ұстап көр» эстафетасында қатысушылар себеттеріне қарлы шарларды жинап жарысты. Соңында балалар «Бишілер» қызықты байқауына қатысып, әр түрлі музыкаға билеп, өз шығармашылықтарын көрсете алды.

  24.10.2023 

«Не? Қайда? Қашан?»     

Республика күні қарсаңында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті. Блиц-сауалнама көмегімен балалар екі тоқа бөлінді. Ойын барысында балалар еліміздің қалыптасу тарихы туралы ақпараттармен танысып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін еске алды. «Полиглот» секторында оқырмандар жауаптарды үш тілде айтып, өз білімдерін тексерді. Жеңімпаздар тобын «Супер ойын» және «қара жәшік» сұрақтары күтіп тұрды. Іс-шара соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

5.09.2023

«Language is a soul of the nation» («Тіл – халықтың өзегі»)

“Discovering the world” ағылшын тілі клубының қатысушылары Тілдер күніне орай кездесу өткізді. Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Language is a soul of the nation» («Тіл – халықтың өзегі») деп аталды. Оқушылар әлемде бүкіл әлем халқы сөйлейтін 3000 тіл бар екенін білді. Сөйлеуді біліп, ешкім тумайды. Әркім өзі туралы айту үшін, тарих пен заманауи жаңалықтар туралы білу немесе басқа ақпарат беру үшін және де адамдар арасында өмір сүру үшін сөйлеуді үйренуі керек. Оқырмандар адами байланыстардың тереңдігі мен шынайылығы сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыстығына, орындылығына, сөйлеу мәнеріне, дауыс интонациясына, мимикаға байланысты деген қорытындыға келді. Оқушылар қызықты тапсырмаларды орындады, шетелдік жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқыды, “Мақал-мәтелді бейнеле” ойынында өздерінің актерлік шеберліктерін көрсете алды.

         

 

«Әлемнің жасанды ғажайыптары» / «Man-made wonders of the world»

Клуб сабағында балалар біздің планетамыздың әртүрлі елдерінде орналасқан әлемнің ғажайыптары бойынша саяхатқа шығып, ең танымал сәулет ескерткіштері туралы білді. Әр елде біздің оқырмандар халықтардың ұлттық ойындарын ойнады, сондай-ақ құрылыстардың тарихы, әлем халықтарының аңыздары мен дәстүрлері туралы көптеген қызықты ақпаратты білді.

 

«Different cultures mean different traditions. (Easter in Great Britain and in Kazakhstan)»

Пасха-өмірдегі жақсылық пен шындықтың зұлымдық күштерін жеңуін бейнелейтін негізгі христиан мерекесі. Ұлыбританияда Пасха символы – Пасха қояны. Біздің клубтың оқырмандары Ұлыбританияда Пасха мерекесін тойлау дәстүрлерімен танысты. Пасха қояны туралы мультфильмді көргеннен кейін кішкентай оқырмандар жасырын жұмыртқаларды іздей бастады. Балалар “Eggs rolling” ойынын ойнады, бұл оларға топта жұмыс істеу қабілеттерін көрсетуге көмектесті. Соңында, қатысушылар жұмыртқаларды сүйікті түстерге бояп, әдемі жапсырмалармен безендірді.

 

«Nauryz – the Great Day of the Nation»/«Жарқыра, жайна Наурызым!» (Не? Қайда? Қашан?)

Ұлысытың Ұлы күні қарсаңында 20-шы наурыз «Даналық пен білім» күні болып аталып өтті. Бұл мереке қайдан пайда болды, ол нені білдіреді және неге дәл осы күні тойланады? Осы және басқа да сұрақтарға оқырмандар «Жарқыра, жайна Наурызым!» «Nauryz – the Great Day of the Nation» тақырыбындағы зияткерлік ойынында жауап таба алды. “Не? Қайда? Қашан?” ойынында балалар екі командаға бөлініп, 12 сұраққа жауап берді. Оқырмандарымыз қазақтың ұлттық тағамдарының, ойындарының, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының атауларын ағылшын тілінде тауып жазды. Ойын барысында балалар музыкалық сұраққа, сондай-ақ кітапхана оқырмандарының бейне сұрағына жауап бере алды.

 

 

«The country of lakes and castles»/«Зәулім сарайлар мен айдын көлдердің ғажайып мекені»

«English club: discovering the world» клубының отырысы таңғажайып Шотландияға арналды. Сабақ барысында балалар ел туралы көптеген қызықты деректер мен әңгімелер білетін болды. Мысалы, дәстүрлі киімдері – килт жайлы, мифтік жануарларға деген халықтық сүйіспеншілігі, Гольф ойынының шығу тарихы және т.б. Әрі қарай, оқырмандар топтарда жұмыс істей отырып, осы ел туралы кейбір фактілерді ағылшын тілінде айта алды. Сонымен, әлем картасын зерттей отырып, клуб мүшелері Шотландия туралы оның орналасқан жерін, астанасын, рәміздері және басқа да қызықты ақпаратты анықтай алды. Сонымен қатар, оқырмандар Шотландияның ең танымал «Highland games» халық ойындарын ойнады. Олар: Tug of war/Арқан тарту, Hammer throw/Балға лақтыру, Tossing of the caber/Кабер лақтыру, сондай-ақ Highland dancing/Тау халықтарының билері. 

 

 

«The stories of Christmas tree toys»/«Шырша ойыншықтарының оқиғалары»

Үйірме сабағында балаларға Рождестволық викторина ұсынылды, оның көмегімен олар Ұлыбританиядағы Рождество туралы түсініктерін кеңейтті. Оқырмандар “Бинго” лотореясына қатысып, сабақ тақырыбы бойынша сөздерді қайталады. “Christmas tree puzzle” ойынында балалар әріптердің ішінен жасырын создерді таба алды.  Шығармашылық тапсырмалардың бірі, үш топқа бөлініп, Аяз Ата, ақшақар және эльфтердің билерін билеу болды. Балалар өздерінің шығармашылығы мен ептілігін көрсете алған тағы бір тапсырма – шарлардан аққала жасау болды.

#englishclub_discovering_the_world #ВКОДЮБ #шқобжк #vkolibrary #вкодюб #дети #Вко #библиотека #кітапхана #устькаменогорск #жаңажыл

Share