2 қыркүйек 2024 жылы Марқакөл ауданындағы «Марқакөл аудан әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де «Оқырман сауаттылығын қалыптастырудағы кітапханадағы инновациялық қызмет» атты семинар-практикум өткізілді. Аталмыш семинарға Марқакөл ауданындағы Қайнарлы ауылдық кітапханасы, Боран ауылдық кітапханасы, Тақыр ауылдық кітапханасы, Қазақстан ауылдық кітапханасының кітапханашылары қатысты. Шара қатысушылардың жұмысына сәттілік тілеп, сергіту сәтімен басталды.
Семинар барысында Елбасының халыққа Жолдауы талқыланып, баяндама жасалды.
Оқырмандарды кітапханаға тарту, кітап пен оқуды дамытудағы инновациялық әдістер күн тәртібінде басты назарда болды. Қатысушылар топқа бөліне отырып ұсынылған түрлі әдістер бойынша өз жұмыстарын қорғады. Мәтінді топпен талдау, Лэпбук құрастыру, Венн диаграммасымен жұмыс, рефлексия кезеңі кітапханашылардың шығармашылықтарын көрсетуге мүкіндік берді. Әр топ жұмыс барысында өз іс-тәжірибелерін ортаға салды. Сондай-ақ, Қайнарлы ауылдық кітапханасы және Тақыр ауылдық кітапханасы қызметкерлері өздерінің үздік жұмыстарын қатысушылардың назарына ұсынды. Семинар «Өнімді үш жұлдыз және тілек» стратегиясы бойынша бағалаумен аяқталды.