16 наурызда Наурыз мейрамы қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөапірімдер кітапханасының қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына Халықаралық Наурыз күнін атап өтуді ұсынды.
Дәстүрлі «Оқырман трамвайы» акциясы осы мақсатта ұйымдастырылды.
Трамвай жолаушылары мерекелік ортаға тап болды.
Жас ақын Аян Қалымбек домбырады халық әндерін орындап барлық жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Қызықты трамвай сапарындағы жолаушылар кітапханашылармен бірге мереке туралы тақпақтарды оқыды, мерекелік викторина сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ 14-21 наурыз аралығындағы әр күннің өзінің атауы бар екендігін, ал 16 наурыз Шежіре күні екендігін білді (Жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылмақ).
Әр тілек білдіруші өзінің жеті атасын құруға тырысты.
Сапар барысында кітапханашылар қала тұрғындарына Наурыз мейрамын тойлау кезіндегі түрлі халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының сан алуандығын әңгімеледі, ең бастысы өз тыңдаушыларын мереке дәстүрлерін сақтауға, Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайтуға, сондай-ақ қоршаған табиғатқа ұқыпты қарауға шақырды.
Ең белсенді жолаушылар мерекелік фоторамкамен безендірілген фотосессияға қатысты. Сапардың соңында әрбір жолаушыға мерекенің символдарының бірі – Наурызкөк құсының жылы лебіздері жазылған суреті ұсынылды.
Қонақтар мен қала тұрғындары, жасына қарамастан, өтіп жатқан акцияға жағымды көзқараспен қарады, бір-бірін мерекемен құттықтап, трамвайдан көтеріңкі көңіл-күймен кетті.
«Оқырман трамвайы» акциясы туралы сюжет «Еуразия» Бірінші телеарнасында көрсетіледі.