Парасатқа құштарлық

Парасатқа құштарлық

«Парасатқа құштарлық» тақырыбында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің бас маманы Гульнур Бекбаевамен кітапханада кездесу өтті. Шара барысында әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша парақорлықтың үлкен үлесі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен байланысты екенін де атап айтты, халық арасында пара беру жолының азаймағандығы туралы кеңінен сөз қозғап, ерекше тоқталды. Студенттерге бопсалау немесе қандай да бір заңсыз төлемдерді ұсыну қажет болған жағдайда, еліміздің әрбір азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке колл-орталықтың 1424 телефон нөмірі бойынша жүгініп, өзінің азаматтық борышын орындай алатындықтарын ескертті. Сонымен қоса тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда қазақ билері ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің де қызметін атқарғандығы және билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырғанды жайында кітаптардағы жазылған деректерді келтіре таныстырды.
Share