Кітапханамызда өткен «Сөз құдіреті» облыстық бір мезгілде дауыстап оқу акциясына Зәки Ахметов атындағы №16 мектептің 5 «А» – сынып оқушылары қатысты. Оқырмандар «Үздіксіз оқу» әдісі бойынша «Сазайын тартқан түлкі» ертегісінің мазмұнымен танысты. Ертегіге талдау жасап, кейіпкерлеріне мінездеме берді. «Сахналық қойылым» арқылы рөлдерге бөлініп, әр кейіпкерді сомдауда әртістік қабілеттерін көрсете білді. Шара соңында ертегі кейіпкерін ең үздік сомдаған оқушы марапатталды.