Салауат – activity

Салауат – activity

 «Тән сұлулығының тамыры – тазалықта, жан сұлулығының тамыры – тән саулықта» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, салауатты өмір салты – адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құндылық.

Бүгін кітапхана ұжымы осыған орай қала мектептерінің оқушыларына арнайы денсаулықты сақтау және нығайту тақырыптарынан ақпараттар беру мақсатында «Салауат – activity» атты тэйбл-talk ұйымдастырды.

Денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелейтін шарада қатысушылар «Салауатты өмір салты дегеніміз не?» деген сауал төңірегінде өз ойларын ортаға сала отырып, «Салауатты әдеттер», «Дұрыс тамақтану», «Жеке бас гигиенасы», «Дене шынықтыру және спорт», «Зиянды әдеттер» ұяшықтарындағы тапсырмаларды орындады.

Оқушылар тек мол мәліметтерге қанығып ғана қоймай, «Food battle» кезеңінің сұрақтарына жауап іздеу арқылы салауатты өмір сүрудің ағзаға тигізер пайдасына көз жеткізіп, зиянды фасфут өнімдері мен пайдалы тағам түрлері жайлы деректерді жеткізді.

Шара соңында «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» тақырыбында сөз қозғалып, аталмыш тақырыпқа сай кітап көрмесі таныстырылды.

 

Share