23 қыркүйек ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастауымен Респулика көлемінде ұйымдастырылып отырған «КітапTIME» кітап фестивалі бастау алды. Осыған орай жастар бөлімінде «Сезім мен өрлік тоғысы» атты поэзияparty ұйымдастырылып, жас ақындар сезімге толы сырын желдей желбіреген жалынды жырларымен ұштастырып жыр өрбітті, ән шырқалды. С. Аманжол атындағы ШҚУ журналистика мамандығының 2-курс студенті, жас ақын Санжар Кәрімұлы өзінің сиясы кеппеген өлеңдерін оқыды. Кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау мақсатында «Студенттер үйінің» бұрышынан ашылған кітап бұрышына кітаптар табысталды.