Сембаева Күлмай Сембайқызы

Күлмай Сембаева Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Тоқсанбай ауылында 1954 жылы 20 қазанда дүниеге келген. Әке-шешесі қойшы болған.  Ауылда бастауыш мектепте оқып, 1965 жылы  Бестерек ауылы М. Горький мектебіне интернатта жатып 5-8 сыныпты оқиды. 9-10 сыныпты келесі ауыл Сағырда Пушкин мектебін оқып бітірген.

Ауылындағы бастауыш мектепті бітіген соң, сегіз жылдық  М. Горький мектебін интернатта тұрып аяқтайды. Артынша А. Пушкин мектебін бітіріп ауылда қой шаруашылығында еңбек етеді. Сол кездің талабы бойынша еңбек өтілі болмаса жоғары оқу орнына түсе алмайтын еді. Институтқа сырттай оқуға түсіп, ауылдағы мектепке бастауыш сынып мұғалімі болады. Өнерге жақын болғандықтан артынан біраз жыл ауыл клубының меңгерушісі, комсомол жұмыстарында болған. Балаларға жуық, жүрегі жылы адам мектепке қайта ауысады. Күлмай Сембаева ұзақ жылдар ұстаздық етеді. Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі. Оқу ісінің меңгерушісі бола жүріп зейнеткерлікке шығады.

Сембаева Күлмай-балалар әдебиетіне көп үлес қосқан қаламгер. Автордың балаларға арналған «Бала тілі – бал», «Әріптер әлемінде», «Балғын ұрпақ –  бақытым», «Сиқырлы әріптер» сияқты өлең, жыр жинақтарымен қатар жалпы оқырман қауымға арналған «Ардагерлер ұмытылмайды», «Ауылдан шыққан ғалым», «Мектеп тарихы ауылмен тағдырлас», «Бестеректен шыққан ұшқыш қыз» атты шағын кітаптары жарық көрген.

Шығармасы:

  • Сембаева, К. Әріптер әлемінде [Мәтін] / К. Сембаева, Г. Ашимова . – Өскемен : Өскемен-Қағаз, 2012. – 70 б. : суретті

Мақалалары:

  • Сембаева, К. Ақиқатқа айналған арман [Мәтін] / К. Сембаева // Менің өлкем. – 2018. – 22 қараша (№47). – Б. 24.
  • Сембаева, К. Қайтпас қайсар Қасым аға [Мәтін] / К. Сембаева // Менің өлкем. – 2018. – 3 мамыр (№18). – Б. 6.
  • Сембаева, К. Ақбауырда не сыр бар? [Мәтін] / К. Сембаева // Менің өлкем. – 2019. – 31 қантар. – Б. 18.
Share