Семинарлар

Құрметті әріптестер!

ШҚ ОБЖК-ның инновациялық-әдістемелік орталығы балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін облыс кітапханашыларымен біліктілігін көтеруге өз үлесін қоса отырып үнемі облыстық және көшпелі семинарлар, шығармашылық шеберханалар, конференциялар өткізеді.

Облыстық әдістемелік семинарлар жылына екі рет өткізіледі және балалар мен жасөспірімдер кітапханаларының өзекті мәселелеріне арналады. Семинарлар тақырыптары мен оларда қаралатын мәселелер қазіргі заманғы кітапхана ісінің басты бағыттарын қамтиды.

Семинарлар – бұл әріптестермен қарым-қатынас жасауға, жұмыс тәжірибесімен бөлісуге, жаңа жетістіктер туралы білуге, өзінің кәсіби шеберлігін көтеруге берілетін мүмкіндік. Бұдан басқа түрлі тақырыптар бойынша көшпелі семинарлар өткізіледі, онда ШҚ ОБЖК қызметкерлері облыс аудандарында шаралар өткізеді.

Бұл бөлімде облыс кітапханашылары үшін өткізілетін теориялық және практикалық семинарлар, конференциялар және басқа оқу әдістемелік шаралар туралы ақпарат орналастырылады.

Семинар материалдары: баяндама, тұсаукесерлер және таратылатын материалдарды берілген сілтемелер бойынша қарап және жүктеп алуларыңызға болады.

Кітапханалық жобаны қолдану бойынша нұсқау қарау / жүктеу
Жазушылар мен ақындар шығармашылығы уақыт таспасында қарау / жүктеу
Квест «Кітаппен серуен» тұсаукесер / сценарий
Латын әліпбиінің толқынымен жүктеу

 

Share