Әдемі түстер әлемді нұрландырады десек, кішкентай бүлдіршіндер күздің салқын күніне қарасмастан кітапханамызға шуағы мол шаттық сыйлады.
“Сиқырлы бояулар” үйірмесінің жас суретшілері алтын күз тақырыбындағы суреттерін қылқаммен ғана салып қоймай, сезініп, жүректерімен де бейнелей білді.
Келгендеріне көп уақыт болмаса да, қолымен қиялымен жүрегімен сурет салып, өздерінің талантты да қабілетті екендіктерін көрсете білуде.