Соңғы парыз

Нұрпеис, Әбді-Жамил. Соңғы парыз : роман екі кітаптағы / Ә. Нұрпеис. – Алматы : Книжный клуб, 2021. – 368 б.

Заманымыздың аса көрнекті жазушысы Әбді-Жәмил Нұрпейстің бұрындары оқырманға «Сең», «Парыз», «Соңғы парыз» атымен белгілі болған роман дилогиясында Арал теңізінің трагедиясы ғана емес, осы жан түршігерлік трагедияның адамдардың жан дүннесінде қалдырып кеткен рухани әсері жан-жақты әңгіме болады. Адамзат тарихының нәзік жібі қай замандардан бастау алатынын, қай тұста үзілерін білмейтініміз секілді, адам-пенденің қамшының сабындай қысқа ғұмыры қаншама айлар мен жылдардан, каншама күндер мен түндерден тұратынын кім біліп, кім санап жатыр? Роман-дилогияның негізгі арқауы ретінде осындай бір күн мен бір түннің оқиғасы алынған. Небәрі бір күн мен бір түн. Бірақ… Бірақ ол қандай күн, қандай түн десеңші?

Share