Мақсаты: қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру. Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу, оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық, махаббат, жақсы қарым-қатынастар сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған.
Міндеті:
- «Ақ ниет» әжелер алқасымен бірлесе шеберлік сағатын өту
- Ұлттық қолөнерге баулу (құрақ, кесте,бисер тігу,тоқыма тоқу)
- Ұлттық тағамдар дайындау
- Қыздарға арналған ережелермен таныстыру
- Жеке гигиена туралы түсініктеме беру
- Этика-эстетика туралы сырласу
- Қыз балаға арналған ырым-тыйымдардың мағынасын түсіндіру
- Тарихтағы аналарды оқуға әдебиеттерді ұсыну
- Болашақ келін, ана міндетін тереңінен түсіндіру
- Ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіру
- Керекті әдебиеттермен, мерзімдік басылымдармен таныстыру
- Керек материалдарды әдебиеттен таңдай білуге баулу
- Іс-шаралар мен мерекелер өткізіп қабілеттерін шыңдау
- Өзін –өзі тануға мүмкіндік жасау
- Бос уақытын тыйымды өткізуге баулу.
Мекен жайы: Өскемен қаласы, Космическая көшесі, 6/2
ОБЖК – сы аясында құрылды
Құрылған жылы: 2020 жылы
Жетекшісі: Алимкулова Л.А.
Клуб мүшелері: аптасына бір рет жиналады
Жұмыс барысы: қажетті ақпараттармен материалдарды әдебиеттерден алу, қол өнер шеберлігін: тоқыма тоқу, құрақ құрау, бисер моншақтарымен тігуді, ұлттық тағам жасап үйрену, қазақ қызы деген сұлу бейнеде болу.