«Сөз құдыреті» атты облыстық бір мезгілде дауыстап оқу акциясы аясында кітапханамызда әжелер немерелерімен бірге қонақта болды. Кітапханамыздың ең кішкентай оқырмандары «Әжемнің ертегілері» жинағынан Майшекер әже оқыған «Қасқыр мен түлкі» қазақ халық ертегісін тыңдап, ертегі желісі бойынша шағын қойылым тамашалады.
Сондай-ақ, жас ана Дина кішкентай Айзаданың кітапханамызға келген әр сәті жайлы айтып, өз ризашылығын білдірді. Бала білімді, алғыр болып өссін десек, кітап оқуға жастайынан баулып, үнемі ертегі айтып беруіміз керек деді, әжелер.