«Bastay» қазақ тілін үйренушілерге арналған үйірменің кезекті сабағы «Табиғат құбылыстары» тақырыбына арналды. Сабақ барысында үй тапсырмасын анықтау мақсатында тестік жұмыс орындалды. Оқушылар сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтырып, практикалық жұмыста сурет арқылы сұрақтарға жауап берді. Балалардың сабаққа қатысу белсенділігі, мәтінмен жұмыстары графикалық фигуралармен бағаланды. Қызықты тапсырмалар үйірме мүшелерінің білімдерін көрсетуге ықпал етті.