Таза қоғам – ортақ парыз

Таза қоғам – ортақ парыз

Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы бойынша сала қайраткерлерінен құрылған спикерлердің жемқорлыққа қарсы парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі кездесу жоспарына сәйкес белгілі жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының ШҚО бойынша филиалының директоры Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлы ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында әлем елдерінің өзекті мәселесіне, ары айқанда, дертіне айналған сыбайлас жемқорлық тақырыбы жан-жақты талқыланды. Әлібек Қалиұлы кітапхана қызметкерлерінің қойған сауалдарына жауап беріп, жас ұрпаққа жемқорлықсыз таза қоғам құрудың жолын, жемқорлықтың себеп-салдары мен зиянды жақтарын түсіндіру мақсатында болашақта  атқарылуы керек жұмыстар туралы өз ойын білдірді.

Share