Таупық Рымжанов — 1937 жылы 21 шілдеде қазіргі Шығыс Қазақстан облысына қарасты Абыралы ауданының Дегелең ауылында туған. Арғын тайпасының Қаракесек руының Жалықбас бұтағынан шыққан. 1962 жылы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп, Аягөз, Жаңасемей аудандарындағы орта мектептерде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор болған. 1976 жылдан Петропавловка селосындағы орта мектепте ұстаз. «Өткелдер» атты тұңғыш әңгімесі 1965 жылы облыстық «Семей таңы» газетінде жарық көрді. Балалар әдебиеті саласында қалам тартып келеді. Бородулиха ауданының Құрметті азаматы.
Таупық Рымжанов аңызға бергісіз оқиғаларды ұшқыр қиялымен жаулай отырып, оқырманға әсерлі әңгімелеудің шебері. Қаламгер көтерген тақырыптар сан алуан, оқиғалары да әр қилы. Ертегі-хикаят жанрын жаңғыртуды басты ұстанымына айналдырған оның тынымсыз ізденісінің арқасында талай құнды шығармалары жарық көрді. 2011 жылғы 30 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында жерлес ұстаз, жазушы Рымжанов Таупықтың «Ертегілер хикаяттары» атты кітабының тұсаукесері өткізілді. Жазушының «Жалықпас шежіресі», «Аруг гүн немесе арғын тайпасының тарихы туралы», «Өлместің жұлдызы», «Зәйтүнқарлығаштың ерлігі», тағы да басқа кітаптары бар. Ол Қазақстан Жазушылар Одағының балалар әдебиеті саласында өткізген халықаралық «Дарабоз» байқауының 2008, 2009 жылдары арнайы ынталандыру жүлдесіне ие болды.
- Рымжанов, Т. Өлместің жұлдызы [Мәтін] : ертегі – повесть / Т. Рымжанов ; ред. М. Жұмағалиев ; суретші. Б. Оспанов. – Алматы : Өнер, 1994. – 208 б.
- Рымжанов, Т. Тарихи зерттеулер, мақалалар [Мәтін] / Т. Рымжанов ; ред. С. Байхонов. – Өскемен : Альфа-Пресс, 2007. – 348 б. : портр.
- Рымжанов, Т. Гүл ағашы [Мәтін] : жоғары сынып оқушылары мен жасөспірімдерге арналған ертегі-хикаят / Т. Рымжанов. – Алматы : Балалар әдебиеті, 2018. – 320 б.
- Балалар бағының бағбандары [Мәтін]: анықтамалық / құраст. Ш. Күмісбайұлы; ред. Ш. Күмісбайұлы. – Алматы: Балалар әдебиеті, 2008. – 300 б.
- Әбжанов, М. И. (1929-1976). Өсиет [Мәтін] / М. И. Әбжанов; құраст. Б. М. Әбжанова; ред. С. М. Байхонов; алғы сөз авт.: М. Оспанов, Т. Рымжанов. – Өскемен: Б. ж., 2009. – 144 б: [4] п. сурет.
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2012 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер [Мәтін]: әдебиеттердің ұсыныс көрсеткіші / Ақпараттық-библиографиялық бөлімше; құраст. А. Е. Ермуханбетова. – Өскемен: ОБЖК, 2011. – 36 б. – Есімдер көрсеткіші: 33-34 б.
Мақалалары:
- Рымжанов, Т. Өлі қала [Мәтін] / Т. Рымжанов // Ақ Ертіс . – 2008. – № 3, 4. – Б. 9 – 23.
- Рымжанов, Т. Суталқан [Мәтін] : фантастикалық хикаят / Т. Рымжанов // Ақ Ертіс. – 2009. – № 5. – Б. 39 – 53.
- Рымжанов, Т. Петропавловканың байырғы аты Ақсақал болатын [Мәтін] / Т. Рымжанов // Дидар. – 2009. – 3 қараша (№188 – 189). – Б. 3.
- Рымжанов, Т. Зәйтүнқарлығаш [Мәтін] : ертегі-пьеса / Т. Рымжанов // Ақ Ертіс. – 2011. – № 4. – Б. 9-62.
- Таупық Рымжанов [Мәтін] : қазанама // Қазақ әдебиеті. – 2012. – 2 қараша (№45). – Б. 11.