Ақыш, Н. Тау ішіндегі тауқымет [Мәтін] : хикаяттар, әңгімелер / Н. Ақыш. – Алматы : «Алаш» баспасы, 2021. – 384 б.
Танымал жазушының бұл жинағына жас оқырмандарға арналған шытырман оқиғалы шығармалары еніп отыр. Жеткіншектердің туған жерін, өз Отанын сүюге деген құштарлығы жалаң насихатпен емес, шиеленісті, тартысты жағдайлар арқылы көрініс тауып жатады. Хикаяттардың қай-қайсысы да жетектеп әкететін тосын оқиғаларға толы. Жас кейіпкерлердің мінез-құлықтары қызықты да шиеленісті сюжеттердің үстінде ашыла отырып, тағылымдық қырларымен де әсер етеді. Жинақтың тілі жатық әрі бейнелі. Қазіргі балалар прозасының тәуір үлгісі ретінде ұсынылып отырған бұл жинақ жас оқырмандарды қызықтыратыны сөзсіз.