Тағдыр

Жұмаділов, Қабдеш. Тағдыр : тарихи роман / Қ. Жұмаділов. – Алматы : Мерей, 2021. – 624 б.

Бірі шығысқа, екіншісі батысқа қарай өлермендене ұмтылған Ресей мен Қытайдың Маншың империясы әртүрлі тарихи жағдайларға байланысты Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы иеліктерін бөлісуге XIX-ғасырдың 80- жылдарында ғана мүмкіндік алды. Екі ел арасында тартылған шекара сызығы кең жайылған дала мен асқар тауларды ғана көктей өсіп қойған жоқ, осы өлкені мекендеген қазақ қоныстарын да қақ жарып өтті. Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романында, міне, осы оқиғалар егжей-тегжейлі баяндалады. Романның бас қаһарманы – Демежан тарихта болған адам. Жазушы өз кейіпкерлерінің басындағы трагедиялық халды суреттей отырып, шекара сыртында қалған қазақтардың оқшау тағдырын көз алдыңыздан өткізеді.

 

Share