Темекі орнына дәрумен

Темекі орнына дәрумен

ADK сауда ойын-сауық кешенінде  «Темекі орнына дәрумен»  атты акция ұйымдастырылды. Онда темекіні мандаринге айырбастап, салауатты өмір салтын қалыптастыруды әдетке айнадыру барысы айтылды.

Кітапхана қорындағы «50 уроков здоровья», «Жүрек қалай соғады?», «Будь здоров!», «Нашақорлық-қасірет», «Тазалықты сүйеміз» т.б, көптеген танымдылығы мол  кітаптар таныстырылды.  Сауда орталығына келген қала тұрғындары шараға белсенділікпен қатысты. Талай шылымды бел ортадан сындырып, витаминге ауыстырып жатты. Сондай-ақ жеміс-жидектердің құрамындағы дәрумендер туралы жазылған үндеу парақшалары таратылды. Қатысушылар ізгі- тілек қобдишасынан  жаңа- жылдық құттықтауларды алып оқып, қуаныш  лебіздерін білдіріп жатты.

Share