Әдебиетке құмар балалар «Топжарған» зияткерлік ойынында жерлес жазушы Т. Мағзұмовтың «Бүркіт қазынасы» аңызымен танысты. «Пазл» бөлшектерін құрап топтарға бөлінген қатысушылар өздерін «Кластер» әдісі арқылы қорғады. Шара барысында бірнеше тапсырмаларды орындады. «Үзіндімен оқу» арқылы аңыздың мазмұнымен танысса, «Стикер» әдісі бойынша әр топ әңгіменің өздеріне берілген бөліктеріне лайықты ат қоюға тырысты. «Автор орындығы» әдісінде аңызды әңгімелеп, мазмұнын қаншалықты меңгергендіктері «Мозайка» құрастыруда анықталды. «Суретті сөйлет» тапсырмасында әр топ таңдаған түске жасырынған суреттердің мәтінде кездескен тұсын әңгімеледі. «Домино» әдісі арқылы шығарма бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін білдірді. Ең жылдам, ең мықты топ жеңімпаз атанды.