«Тропа через столетия» өлкетану жазбалары

«Тропа через столетия» өлкетану жазбалары

Оқырмандар кітапхана қонағы саяхатшы, турист, спортшы Марина Петровамен бірге қызықты саяхат жасады! Олар қаладан салынған соқпақ жолмен табиғат аясына сапар шекті. Қандай ғажайып өлкеге келдік? Мұнартаулар мен өзендердің қандай құпиялары ашылды? Кітапхана қонағы Шығыс Қазақстанның табиғаты тамылжыған ерекше жерлерінде болғанын,  саяхат барысында өзіне ашқан жаңалықтары және өлкемізге саяхат алыс экзотикалық елдерге жасаған саяхаттан бірде-бір кем еместігі туралы әңгімеледі. Әңгіме бейнероликпен толықтырылды.

Шара барысында балалар өлкеміз туралы білімдерін анықтауға көмектесетін «Мен білемін, ал сен ше?» ойынына қатысты.

«Мой край, мои горизонты» атты кітап көрмесінде ұсынылған кітаптардың бірінде ерекше археологиялық ескерткіш Аблайкит монастырі туралы баяндалды. Осы бір тарихи орын туралы тұсаукесер көрсетіліп, онда болған куәгерлердің аңызы мен әңгімесі айтылды.

Қатысушылар гранитті шың-құздардағы тылсымға толы өзен туралы білді.

Сан ғасырлық тарихы бар өлкеміздің құпиясын ашты.

 

Share