Туған жер — әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу уған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.
Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.
«Өлкеміздің өткені мен бүгіні» мәдени бағдар
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 24 сәуір күні Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Өлкеміздің өткені мен бүгіні» атты мәдени бағдар өткізілді.
Ол оқырмандарды өткен ғасырлардан бізге жеткен, ұлттық рухты беруге, өз халқының тарихы мен мәдениетін үйренуге деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға қабілетті ескерткіштермен таныстырды.
Шараға қатысушылар: А. С. Асқарова – Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының тарих маманы; Е. М. Кариев – Ә. Марғұлан атындағы археология Институтының аға ғылыми қызметкері, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері; А.М.Чукаева – «Тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша Шығыс Қазақстан мекемесінің» тарихи-мәдени мұрасы бөлімінің меңгерушісі.
Тас мүсіндердің пайда болуы туралы мәселе бізді адамзат тарихының ерте кезеңдеріне жетелейді. Қатысушылар түрлі халықтарда түрлі аттармен белгілі болған уақыт тарихында сақталған тамаша әлемдік деректермен танысады.
Қазақстандық тауларда көптеген тас мүсіндер – балбалдар кездеседі. «Балбал» сөзі далалық аймақтарда орналасқан славян және түрік халықтарының тілдерінде кездеседі. Ол «әке» немесе «ата» мағынасын беретін түріктің «баба» сөзінен шыққан.
Кездесу театрландырылған көріністер элементтерін пайдалану арқылы өткізілді. Қатысушылар тарихи ескерткіштердің мәдени маңызы туралы өзінің немересімен әңгімелескен қарияның аузынан естіді. Қонақтар жас оқырмандар орындаған қобыз әуенімен ежелгі дала атмосферасына тап болды. Бұл кездесудің эмоционалдық жайын күшейтеді.
Құпиялы балбалдардан Қазақстанның 100 киелі нысанының тізіміне енген Ұлы махаббат ескерткіші – Қозы Көрпеш – Баян сұлу мазарына аттанамыз. Бұл ескерткіш өзінің архитектуралық ұлылығымен таң қалдырады. Мазарға кіре берісте Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың, оның сіңілісі мен келінінің Шоқан Уәлиханов сипаттаған төрт мүсіні (кейіннен жоғалып кеткен) орнатылған.
Шарада «Каменная летопись степи» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда «тас» мүсіндер қойылды.
Кездесуге жоғарғы сынып оқушылары, студенттер, ғылыми қызметкерлер, журналистер шақырылды.
|