Кітапхана миссиясы: жас оқырмандарды әлемдік және отандық мәдени құндылықтарға тартуға жайлы жағдай жасау, тұлғаның үйлесімді дамуына және қоғамның тең мүмкіндіктерін орнатуға ықпал ететін ақпараттарға және кітапханалық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Жоба мақсаты: балалар жазушылары каталогын құрастыру және ОБЖК қорын шығысқазақстандық авторлардың әдеби шығармаларымен толықтыру.
Жоба міндеттері:
- шығысқазақстандық балалар жазушыларын іздеу және олармен тікелей байланыс орнату;
- баспалармен байланыс орнату, оларды ОБЖК қорын толықтыруға ықпал етуге тарту;
- «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» заңның аясында құжаттарды цифрлау және ОБЖК пайдаланушыларына арналған электронды каталог құру.
Жобаның қысқаша сипаттамасы:
Балаларға арналған әдебиеттердің өлкетану қоры нашар толықтырылатындықтан, «Мәдениет туралы» заңының облыс кітапханаларына арналған міндетті дана туралы бабы жұмыс істемейтіндіктен, оны толықтырудың балама жолдарын іздестіру қажет. Қазіргі уақытта қорды өлкетану басылымдарымен және республикалық әдебиетпен толықтыру біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі болып табылады. Өлкетану материалдарының бай қоры кез-келген қазіргі заман кітапханасының мәдени байлығы болып саналады.
«Туған өлкеміздің балалар жазушылары» жобасын іске асыру ОБЖК қорын балаларға арналған әдебиетпен толықтыруға ықпал етеді, кітапхананың ақпараттық кеңістікте лайықты орын алуына мүмкіндік береді, кітапхана пайдаланушылары санының өсуіне және оның имиджін көтеруге әсер етеді.
Жобаны іске асыру тәсілдері:
- өлкетану қорын баспа, электронды және басқа ақпарат тасымалдаушыларындағы ақпараттық ресурстармен толықтыру;
- біріктірілген электрондық өлкетану каталогын құру, жаңа өлкетану деректер базасын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
- Жергілікті авторларды ОБЖК қорын балаларға арналған әдебиетпен толықтыруға ықпал етуге тарту;
- Осы жобаның іске асырылуы кітапхананың ақпараттық кеңістікте және аймақтың әлеуметтік мәдени ортасында лайықты орын алуына мүмкіндік жасайды;
- Электронды және дәстүрлі түрде жаңа өлкетану ресурстарын құру;
- Өлкетану ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- Кітапхана пайдаланушыларының санын арттыру;
- Кітапхана имиджін көтеру.
Координаталары: ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» КММ
тел. 75-44-36 odub_off@mail.ru
- Абдеева, Яна Борисовна
- Асқаров Әлібек
- Әбдікәкімов, Тыныштықбек
- Әбдірайым, Толымбек
- Әбдірахманов, Төкен
- Әуезов Мұхтар
- Балыкин, Михаил Данилович
- Бегалин, Сапарғали Ысқақұлы
- Бейсенова, Шәрбану
- Булжанов Оралбек Рәбілұлы
- Вета, Ножкина
- Волков, Александр Мелентьевич
- Ғабдуллин Серік
- Дінисламов Фатих
- Жанатайұлы, Көкбай
- Жомартбайұлы, Тайыр
- Макаримова Альфия Нурмухамедовна
- Мұратбаев Нұрғұмыр
- Қамшыгер Саят
- Кемелбаева, Айгүл
- Кенжеғұлова, Нарбин
- Қабанбаев, Марат
- Қайран Әбубәкір
- Қайым Қанат
- Қуантайұлы, Нұржан
- Қуат, Қиықбай
- Құнанбайұлы, Абай (Ибраһим)
- Мағауин, Мұхтар Мұқанұлы
- Михина-Козлова Тамара Владимировна
- Шағыр Қайырбек Семейғазыұлы
- Никитина, Светлана Михайловна
- Өмірбаев Асхат Бақытұлы
- Рымжанов, Таупық
- Сегізбаев, Кәдірбек Сауырұлы
- Сембаева, Күлмай Сембайқызы
- Старков, Виталий Васильевич
- Титаев, Евгений Алексеевич
- Тұрсынбаев, Бәделқожа
- Яковлева, Мария