Файзуллаұлы Ә. Өтірік айтпайтын күн [Мәтін] / Ә. Файзуллаұлы. – Алматы : Таймас, 2021. – 272 б.
Әдебиет әлеміне келген уақыттан балаларға базарлық жасап, барқыт кілем өмірден өрнек іздеп, ой түйіндеген белгілі жазушы Әлібек Файзуллаұлы тағы да жасөспірімдер кітапханасы сөресіне «Өтірік айтпайтын күн» атты туындысын ұсынып отыр. Кітапқа кішіпейілділік, адалдық, арлылық, ерлік пен елдік тақырыбындағы әңгімелер, ертегілер, хикаят, аңыз-дастандар, сахналық қойылымдар енген.