2024 жылдың басында «Чудо детки» балаларды дамыту студиясы ашылды. Мұнда сурет салу, қолөнер, қағазбен жұмыс жасау, нейрожаттығу, басқа да ойын түрлері бар.
Бұл ойын түрлері есте сақтау, сөйлеу, моторика, ойлау, шығармашылық және мотивацияны жақсартады.
Бейнелерді, музыканы және түсініктемелерді пайдалана отырып құрылған қызықты сабақтардың тұтас блогы болады.
Іс-шараның медиялық мақсаты: Кішкентай балалармен жұмыс жасау кезеңі – баланың миының қалыптасу кезеңіне сәйкес келеді. Қиындықтарды жеңу арқылы балаларда өзін-өзі бағалау, өзін-өзі реттеу қалыптасады. Сондай-ақ ең бастысы осының барлығы жағымды эмоцияны қалыптастырады. Кітапханашының көмегімен тапсырмаларды орындауды үйренген әрбір бала бұл бірегей жаттығуларды үйде өз бетінше қайталай алады.
Мұндай әдістер қазіргі уақытта балалар, ата-аналар, балалар оқуының басшылары мен мұғалімдер, сондай-ақ «ерекше балалар» арасында кеңінен қолданылады.
Біздің кітапхана оқырмандардың әртүрлі топтарымен жұмыс жасауда көп жылдық тәжірибеге ие. Нейрожаттығуды «ерекше балалар» үшін қиындықтарды жеңу құралы ретінде пайдалану олардың әлеуметтік бейімделуіне көмектеседі.
Сабақтарды ұйымдастыру барысында қолданылатын жаттығулар мен ойындардың осындай жүйесі оқуға деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.
13.11.2025
Кітапханада өткен «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті шарасында бүлдіршіндер бірнеше қызықты да пайдалы нейрожаттығу тапсырмаларын орындады. «Суреттерді сәйкестендір», «Түстерді орындарына орналастыру», «Тыныс алу», «Асық» тапсырмалары бірлесе орындалып, үйлесімді жұмыс жасауға ықпал етті.
Бұл нейрожаттығулар балалардың есте сақтау, зейін және қозғалыс үйлесімділігін жақсартуға көмектеседі. Олардың эмоционалдық көңіл-күйін көтереді. Сонымен қатар балалардың өзіне деген сенімділігі мен белсенділігі артады, ой-өрісін, қозғалыс белсенділігін, ұсақ қол моторикасын, сөйлеуін дамытуына, жүйке жүйесін тыныштандыруына, ми қызметін дамытуға үлкен әсерін тигізеді.
Мұндай жаттығуларды жүйелі түрде өткізу балалардың жалпы дамуына оң ықпал етеді.
https://www.instagram.com/p/DRABNIvjcdo/?hl=ru&img_index=1
09.11.2025
Бүгінгі демалыс ерекше әсерге толы күн болды! Кітапханада «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының балаларын қуаныш пен мейірімге толы жылы жүзбен қарсы ала отырып бірнеше нейрожаттығу тапсырмалары берілді. Сондай-ақ, балаларға «Үстел ойындары», «Түстерді орналастыр», «Макаронмен сәнде» секілді ұсақ қол моторикасын дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін арттыру, қиялын, зейінін, ұқыптылығын жетілдіру болды. Сонымен қатар пластилинмен жұмыс жасалынды. Бұл шағын моториканы дамытады, яғни жабыстыру, илеп жұмсарту, шымшу бәрі қол бұлшықеттерін күшейтеді, сабырлық пен зейінді ашады, ұсақ бөлшектермен жұмыс жасауға зейін қояды, шыдамдылыққа үйренеді, сөйлеуді дамытады, сенсорлық тәжірибе береді. Балалардың жарқын күлкісі мен ата-аналардың ризашылық көңілі бұл күнді ерекше етіп жасады.
Шара соңы қызықты сергіту сәтімен аяқталды.
https://www.instagram.com/p/DQ1VboujUtp/?hl=ru
06.11.2025
Кітапханада өткен «Чудо-детки» балаларды дамыту студиясының кезекті шарасы балалардың танымдық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Балалармен «Тіс тазалау», «Құм терапиясы», «Ермексазбен жұмыс» тағы да басқа тапсырмалары бірлесе орындалды. Бұл тапсырмалар ерекше балалардың сенсорлық және моторлық жүйесінінің дамуын, зейін мен есте сақтау қабілетін, тілдік және коммуникативтік дағдыларын, өз-өзіне сенімділігін арттыруға арналды.
https://www.instagram.com/p/DQtz59rjaKI/?hl=ru&img_index=1
23.10.2025
Бүгін кітапханада өткен «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының бүлдіршіндеріне бірнеше нейрожаттығу тапсырмалары берілді.
Шара әдеттегідей бүлдіршіндерді көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, сәлемдесумен басталды. Кезекті кездесуде ұсақ моториканы, көз-қол координациясын, саусақ қимылын дамытуын жақсартуға ықпал ететін «Әрі ойын, әрі даму», «Дауыстан таны», «Краскамен жұмыс» тапсырмаларын бүлдіршіндермен бірлесе орындадық. Бұл тапсырмалар екі жарты шарды белсенді ету, зейінді шоғырландыру, есте сақтауды күшейтуге көмектеседі.
https://www.instagram.com/p/DQKFIJjDe13/?hl=ru
https://www.facebook.com/photo?fbid=1432630965529192&set=pcb.1432631035529185
16.10.2025
Кітапханада “Чудо детки” балаларды дамыту студиясының кезекті шарасы дәстүрлі жылы сәлемдесумен басталды. Балалар қарапайым ми мен денені қатар іске қосатын нейрожаттығуларды орындауға кірісті. “Макаронды теру”, “Суреттер”, “Сана да, соқ!” сияқты тапсырмалар балалардың зейінін шоғырландыруға, моторикасын дамытуға және эмоционалдық күйін тұрақтандыруға, саусақтардың икемділігі мен қозғалыс дәлдігін арттыруға ықпал етеді.
Жұмыс барысында ерекше балалардың жеке дамуына кешенді түрде әсер ететін, қарапайым әрі тиімді әдіс түрлері ұсынылады.
https://www.facebook.com/share/p/1C36T697Qc/?mibextid=wwXIfr
09.10.2025
Кітапханада «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті шарасы өтті. Сәлемдесуден басталған шарада балаларға бірнеше пайдалы тапсырмалар берілді. Яғни, балалардың дене қимылын жақсартуға, денесін дұрыс басқара алуға, тепе-теңдікті сақтап үйренуге және де саусақтарды, білектерді белсенді қозғалысқа келтіріп, бұлшықеттерді дамытуға, мұқияттылық пен назар аударуды талап етуге арналған тапсырмаларды орындап шықты. Қазіргі таңда балалардың шоғырлану қабілеті жақсара түсті, ұсақ моторика мен үйлесімді қимылдарда ілгерілеу байқалды. Балалар жаттығуларды қызығушылықпен орындап, белсенділік танытты.
Нейрожаттығулар ерекше балалардың танымдық және психоэмоционалдық дамуына оң әсер етеді. Алдағы уақытта мұндай жұмыс жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
https://www.instagram.com/p/DPmOZi5DUq_/?img_index=1
02.10.2025
«Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті шарасында саусақтардың және қолдың бұлшық еттерін нығайтуға, қол мен көздің бірлесіп жұмыс істеуінің дамуына, түрлі материалдармен (қалың, жұқа қағаз) жұмыс істеу арқылы сезіну мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған тапсырмалар орындалды. «Қағаз жырту», «Резеңке», «Менің отбасым» және басқа да қызықты тапсырмалар балалардың бойында төзімділікті, сойлеу дағдыларын дамытады, әлеуметтік-эмоционалды байланысты нығайтады.
https://www.instagram.com/p/DPTyKtEDUGf/?img_index=1
30.07.2025
Кітапханада «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті шарасы өтті.
Сәлемдесуден басталған шарада балалар қағазды қиып, жабыстыру барысында қолдың бұлшық еттерінің жаттығуына, шарды өзінше безендіру арқылы баланың ойлау қабілеті мен елестетуін арттыруына, бір істі аяғына дейін орындауға үйретуіне байланысты бірнеше берілген тапсырмаларды мұқият орындап шықты. Сонымен қатар «Доптарды жеткіз» тапсырмасында допты бір нүктеден екінші нүктеге жеткізу арқылы баланың дене моторикасы дамиды. Бала еркін қозғалуға үйреніп, өз әрекетіне сенімді бола түседі. Шара соңы сергіту сәтімен аяқталды.
https://www.facebook.com/share/v/1C5yxuVMxX/?mibextid=wwXIfr
24.07.2025
Бүгін «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының бүлдіршіндерімен кезекті шарамыз өтті.
Жылы сәлемдесуден басталған шара бірнеше қызықты да, пайдалы нейрожаттығулармен жалғасын тапты. Соның ішінде «Түстерді орнына қою» тапсырмасы – бұл тек ойын ғана емес, ерекше балалардың танымдық, сенсорлық, және моторлық дағдыларын дамытуға бағытталған нейрожаттығу. Оны жүйелі түрде қолдану баланың жалпы даму динамикасына оң әсерін тигізеді. Сондай-ақ, құм терапиясында құмның құрғақ, дымқыл, жылы, салқын, ұсақ, ірі екенін сезіну арқылы баланың сезім мүшелерінің жұмысы жақсарады. Құммен еркін ойнау кезінде бала қиялынан әртүрлі суреттер, құрылыстар шығарып, шығармашылық қабілетін дамытады. Түстерді, пішіндерді ажырату, салыстыру, санау сынды тапсырмалар арқылы ойлау дағдылары дамиды.
https://www.facebook.com/share/p/19mP42gWdj/?mibextid=wwXIfr
17.07.2025
Бүгін «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті кездесуі өтті. Шарада балаларға ми қызметін, тыныс алу мүшелерін жақсартуға, танымдық, ұсақ моторика, зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, эмоционалдық қабілеттерін дамытуға бағытталған арнайы «Түрлі-түсті қағаздар», «Кірпі», «Үрле» атты тапсырмалар берілді. Мұндай тапсырмалар нейропластикалық процестерді, яғни мидың өзін-өзі қайта құру қабілетін ынталандырады. Балалар тапсырмаларды өз қалауларынша орындап, оң нәтиже көрсете алды.
https://www.facebook.com/share/p/16vYTpMD5B/?mibextid=wwXIfr
10.07.2025
Кітапханада «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті шарасы жалғасын табуда.
Шарада балалардың ұсақ моторикасын, зейінін, қиялын, эмоциялық тұрақтылығын, шыдамдылыққа үйрету және де шығармашылық қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар орындалды. Сондай-ақ, балаларға суреттер арқылы тапсырма беру – өте тиімді әдіс. Бұл әдіс визуалды қолдау арқылы олардың түсіну, есте сақтау және жауап беру қабілеттерін арттырады.
Ұсақ моторика мен сөйлеу жаттығулары балалардың артикуляциясын, сөйлеу ырғағын жақсартуға, сенімділік қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар шара ортасы сергіту сәтімен жалғасын тапты. Балалар үшін сергіту сәті – тек қана денені қозғалтатын жаттығу емес, ол дамуға, көңіл-күйге тікелей әсер ететін маңызды құрал.
https://www.facebook.com/share/p/19aENtMboE/?mibextid=wwXIfr
03.07.2025
«Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті кездесуі кітапхана ауласында өтті. Шарада балаларға танымдық, моторикалық, әлеуметтік-эмоцияналдық, сөйлеу және тілдік даму бағытына арналған «Түстерді ажырат», «Доп», «Өз қиялыңмен құра» тапсырмалары берілді. Балалар өз ойларынан жаңа бір зат құрастыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Сондай-ақ, бұл тапсырмалар балалардың түстерді тану, салыстыру және ажырату қабілеттерін дамытуына, зейін мен есте сақтау қабілетін арттыруына, ұсақ моторика, кеңістіктік ойлау, қол-көз координациясы және ой-логикасын дамыту үшін таптырмас жаттығулар болып табылады.
https://www.facebook.com/share/p/199WMzqkLo/?mibextid=wwXIfr
26.06.2025
Кітапханада «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті шарасы бүлдіршіндермен сәлемдесуден басталып, бірнеше қызықты да, көңілді тапсырмаларды орындаумен жалғасын тапты.
Шарада балалар «Түрлі-түсті доптар», «Тыныс алу», «Доп» және де
«Моншақтарды тізу» тапсырмаларын мұқият орындап шықты. Бұл берілген тапсырмалардың пайдасы өте көп. Соның ішінде тыныс алу жаттығуларының балаға пайдасы зор. Ол баланың денсаулығын жақсартып қана қоймай, эмоциялық және психикалық дамуына да оң әсер етеді. Яғни, ұйқыны реттейді, зейін мен шоғырлануды арттырады, иммунитетті нығайтады, өзін-өзі басқару қабілетін дамытады.
https://www.facebook.com/share/p/16q57QpRTV/?mibextid=wwXIfr
19.06.2025
«Чудо-детки» балаларды дамыту студиясының кезекті кездесуі кітапхана ауласында өтті.
Сабақ барысында ұсынылған нейрожаттығу балалардың психологиялық және когнитивтік дамуында маңызды рөл атқарады.
Ашық аспан астында өткізілген бүгінгі шарада балалармен «Суреттер көрмесі», «Губкамен суды сығу», «Көлеңке» және де қимылды іс-әрекетті тапсырмалар орындалды. Бұл баланың сенсорикасын, шығармашылығын, зейінін сонымен қатар эмоцияны басқару қабілетін дамытатын қарапайым, бірақ тиімді нейрожаттығу.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы жаттығуларды жүйелі түрде жалғастыру маңызды болып табылады.
https://www.instagram.com/p/DLG7MowoY3-/?hl=ru
https://www.facebook.com/share/p/1FLusVuZnc/?mibextid=wwXIfr


















































