«Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті кездесуі

«Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті кездесуі

«Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті кездесуі болды. Шара дәстүрлі түрде қатысушылармен сәлемдесумен басталып, түрлі жаттығулармен жалғасты.
Балалар тыныс алуға, өз денесін бақылай білуге бағытталған «Заттарды беру», «Есту қабілеті» және «Шамдар» жаттығуларын орындады. Сонымен бірге көңілді музыканың сүйемелдеуімен өткен сергіту сәті жағымды ортаны құруға әсер етті.
Бұл нейрожаттығулар баланың ми орталықтарын дамыту, мидың жұмысын жақсарту үшін өте пайдалы және ең бастысы бала мейірімді, қолайлы жағдайда болуы керек.
Share