Белгілі қаламгер Жаңабек Шағатай өзіндік ойлы өрнегі, сыршыл әрі көркем жазу машығымен ерекшеленетін жазушы. Ол аз жазса да, саз жазатындығын ешқашан айныған емес. Автордың Балалар әдебиеті жылы аясында басылып шыққан «Ауылдың кішкентай археологтары» кітабындағы жас кейіпкерлердің Құмар мен Сабырханның Шайтантөбеге сахаты, кішкентай Берік пен Шернияздың, Жомарт пен Ғалымның ауылдағы қызықты оқиғалары өте тартымды суреттелген.