Кітапханада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан-Американдық еркін университетінің 1- курс студенттеріне «Шексіз махаббат символы» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрме екі бөлімнен тұрды: «Қазақтың дана арулары», «Ана – өмір шырағы».
«Қазақтың дана арулары» бөлімде қазақ халқының тарихындағы ұлы әйелдердің даналығы, ақыл-парасаты, елге және отбасыға көрсеткен ықпалы баяндалды. Сондай-ақ жазушы шығармаларындағы аналар бейнесі де көрсетілді.
Келесі бөлімде аналардың қоғамда алатын рөлі, батыр аналар, ақын әйелдер, суретшілер, театр және кино әртістері, саясаткерлер, спортшылар туралы қызықты ақпарат пен фотосуреттер ұсынылды. Сондай-ақ Қазақстан ақын-жазушыларының, көрнекті қайраткерлердің ардақты аналарға арналған еңбектері қойылды.