Спортпен шұғылданып және кітап оқуды ұнататын оқырмандар үшін аулада “Шуақты кітаппен кездесу”атты әдеби воркаут ұйымдастырылды. Ашық аспан астына жиналған оқырмандар «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында, «Балалар әдебиеті» бөліміне еніп, оқуға ұсынылған жазушылар: Ы.Алтынсариннің «Өнер –білім бар жұрттар», Б.Соқпақбаевтың «Жекпе-жек», М.Қабанбаевтың «Жиhангез Тити», Т.Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн», З.Наурызбаева, Л.Калаустың «Алтын тостағанды іздеу», М.Айымбетовтың «Бар болғаны он төрт жас» кітаптарындағы шығармаларын оқыды және үзіліс барысында балалар әуесқой спорт түріне жататын көше гимнастикасын жасауға мүмкіндік алды. Шара барысында жеткіншектер сүйікті кітабын оқи отырып, дене жаттығуын жасауға машықтанды.