Шәрбану Бейсенова

Шәрбану Бейсенова – жазушы, журналист, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

1947 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында туған. 1969 жылы əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тəмамдаған. Еңбек жолын 1968 жылы қазіргі «Парасат» (бұрынғы «Мәдениет және тұрмыс») журналында әдеби қызметкер ретінде бастап, кейіннен бөлім меңгерушісі болған. 1980 жылдан бастап «Қазақстан әйелдері» журналына бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің Баспа істері жөніндегі департаментінде бас маман, «Қазақ әдебиеті» газетінде «Кітап әлемі» қосымшасының редакторы қызметін атқарған.

Шығармашылыққа жастайынан ден қойған танымал жазушының алғашқы тырнақалды әңгімелері, новеллалары облыстық «Дидар» (бұрынғы «Коммунизм туы») газеті мен «Қазақстан әйелдері» журналында тұрақты жарияланып тұрды.

– «Мен бала күнімде өзге ұлт өкілдері көбірек қоныстанған Өскеменде өстім. Сол өткен ғасырдың алпысыншы жылдары шаһарда Жамбыл атындағы жалғыз қазақ мектеп-интернаты болды, сонда білім алдым. Біз оқып жүрген кезімізде мектебімізге облысқа келген ақын-жазушылар міндетті түрде бас сұғып, оқушылармен жүздесетін. Солай мен мектеп қабырғасынан қазақтың айтулы қаламгерлерінің есімдерін біліп, ғибратты әңгімелерін тыңдадым. Осы жылдары облыстық газетте – Мүсілім Құмарбекұлы, Серік Ғабдоллаұлы, Тоқтарбек Қызықбайұлы, Кеңесхан Зәкенов секілді қаламы жүйрік ағаларымыз еңбек етті. Бұл кісілер де алтын ұямызға келіп, кездесулер өткізетін. Соның да ықпалы болар, енді өзім де шағын әңгіме, новелла жаза бастадым. Осылай жазғандарым газет бетінде жарық көріп жүрді. Алғашқы көңілімнен шыққан әңгімем – «Ақбота» деп аталады. Бұл облыстық газетте жарияланды» – деп еске алады жазушы. Жазушының шығармаларында табиғат сұлулығы, туған жердің жүрекке ыстық келетіндігі туралы оларды толғандыратын суреттер әр жерде қылаң беріп, кейіпкердің жан дүниесін толықтырып отырады. Туған жер табиғатынан алынған пейзаждар жазушының хикаяттарынан басқа «Тылсым», «Туған жердің түтіні», «Мақтақыз», «Бәкене қыз» әңгімелерінде де кездеседі.

Ол төл туындыларымен қатар аудармамен де айналысады. Украин жазушысы В.Дроздың, эстон жазушысы Е.Ермановтың, әзірбайжан жазушысы Анардың, латын жазушысы Д.Рукшаненің, армян жазушыларының жекелеген шығармаларын, X.Андерсеннің ертегілерін, латиноамерикандық қаламгер Ж.Амадудың «Құм жағалаудың капитандары» атты романын қазақ тіліне аударған.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Шәрбану Бейсенованың «Туған жердің түтіні» әңгімесі, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің ұйымдастыруымен жарық көрген Шығыс Қазақстан облысы жазушыларының «Солнечный круг» атты балаларға арналған әңгімелер, өлеңдер мен ертегілер жинағына еніп отыр.

Ш. Бейсенованың шығармалары

Кітаптар

  • Бейсенов, Ш. Мизамшуақ [Мәтін] : әңгімелер жинағы / Ш. Бейсенова. – Алматы : Өлке, 2006. – 240 б.
  • Бейсенова, Шәрбану. Сүзгенің соңғы күндері [Мәтін] : хикаяттар мен әңгімелер. 1-т. / Ш. Бейсенова. – Алматы : Ан Арыс, 2008. – 240 б. – (Наркескен).
  • Бейсенова, Шәрбану. Бір махаббат баяны [Мәтін] : хикаят және әңгімелер. 2-т. / Ш. Бейсенова. – Алматы : Ан Арыс, 2009. – 280 б. – (Наркескен).
  • Бейсенова, Ш. Шығармалары [Мәтін]. 1-т. Туған үйдiң түтiнi. / Ш. Бейсенова. – Астана: Фолиант, 2011. – 464 б.

Ш. Бейсенованың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары

Мақалалар

  • Бейсенов, Ш. “Өзi нәзiк, көңiлi жiбек едi…” [Мәтін] : [Әлия туралы Сапураның әңгiмесiнен] / Ш. Бейсенова // Қазақстан әйелдерi. – 1995. – № 3. – Б. 6-9.
  • Бейсенова, Ш. Нәзипа ханым өткiзген екi кеш [Мәтін] / Ш. Бейсенова // Қазақстан әйелдерi. – 1995. – № 7. – Б. 7-9.
  • Бейсенова, Ш. Мың жылдық Мажарстан елiнде [Мәтін] / Ш. Бейсенова // Қазақстан әйелдерi. – 1997. – № 1. – Б. 13-15.
  • Бейсенова, Ш. Аңсаған бақыт жұлдызы [Мәтін] : [жазушы Мұхамеджан Қаратаев туралы жары Мархуманың айтқандарынан] / Ш. Бейсенова // Егемен Қазақстан. – 1999. – 21 тамыз.
  • Бейсенова, Ш. Сағаттың қырық бес дәптер күнделiгi бар [Мәтін] / Ш. Бейсенова; әңг. Г. Сәрсенова // Жас Алаш. – 2001. – 20 наурыз. – Б. 3.
  • Бейсенова, Ш. Менiң мәңгiлiк мұңым [Мәтін] : қаламгер, сыншы Сағат Әшiмбаевтың жарымен сұхбат / Ш. Бейсенова;  әңг. Ж. Сәрсек // Қазақ әдебиетi. – 2002. – 13 қыркүйек. – Б. 14.
  • Бейсенова, Ш. Руханияттың алтын көпiрi [Мәтін] : [“Ұлы Жiбек жолымен” Халықаралық кiтап және полиграфия жәрмеңкесi туралы] / Ш. Бейсенова // Қазақ әдебиетi. – 2003. – 2-8 мамыр. – Б. 7.
  • Бейсенова, Ш. Нұрғиса тағылымы. [Мәтiн] : “Нұрғиса Тiлендиев” атты ғұмырнамалық деректi хикаяттың шығуы жайлы / Ш. Бейсенова // Қазақ әдебиетi. – 2003. -12 желтоқсан. – Б. 16-13.
  • Бейсенова, Ш. Мың тағзым, саған кiтап [Мәтiн] : “Ұлы Жiбек жолы бойымен” Халықаралық III кiтап және полиграфия жәрмеңкесi туралы / Ш. Бейсенова // Кiтап әлемi. – 2005. – № 5. – Б. 1.
  • Бейсенова, Ш. “Сағаттың 45 дәптерден тұратын күнделігі бар” [Мәтін] / Бейсенова Ш. // Заң газеті. – 2007. – 4 мамыр. – Б. 4.
  • Бейсенова, Ш. Бала мiнездi жан едi [Мәтiн] / Ш. Бейсенова; әңг. С. Әшімбаев // Ақ желкен. – 2007. – № 5. – Б. 13-14.
  • Бейсенова, Ш. “Өмiрдiң жолын жалғастырар өлеңiм” [Мәтiн] : ақын Серiк Ғабдуллаұлының поэзиясы хақында / Ш. Бейсенова // Қазақ әдебиетi. – 2007. – 14 желтоқсан. – Б. 18.
  • Бейсенова, Ш. Рух [Мәтiн] / Ш. Бейсенова // Егемен Қазақстан. – 2008. – 27 ақпан. – Б. 15.
  • Бейсенова, Ш. Сағаттың жеке кiтапханасы [Мәтiн] : сыншы, қоғам қайраткерi С. Әшiмбаевтың жеке кiтапханасы жайында / Ш. Бейсенова // Кiтап жаршысы = Друг читателя. – 2008. – № 3. – Б. 6.
  • Бейсенова, Ш. Ақылшым, қамқорым еді [Мәтiн] : Әшімбаев С. туралы / Ш. Бейсенова // Жалын. – 2009. – № 4. – Б. 32-36.
  • Бейсенова, Ш. Бiр мақаланың құрбаны [Мәтін] : профессор Әбдiманапов Ә. туралы / Ш. Бейсенова // Парасат. – 2010. – № 6. – Б. 11-13.
  • Бейсенова, Ш. Әйел – отбасының жылуы [Мәтiн] / Ш. Бейсенова; әңг. А. Әлменбет // Қазақ әдебиетi. – 2012. – 2 – 8 қараша. – Б. 7.
  • Бейсенова, Ш. Ұлы дала аруы; Сүйiнбике өскен орта [Мәтін] : Сүйiнбике патшайым жайлы / Ш. Бейсенова // Жұлдыз. – 2014. – № 6. – Б. 158-168.
  • Бейсенова, Ш. Мизамшуақ [Мәтiн] : әңгiме / Ш. Бейсенова // Қазақ әдебиетi. – 2006. – 22-28 қыркүйек. – Б. 8-9.
  • Бейсенова, Ш. Жұмақыздың құбылысы [Мәтін] : әңгіме / Ш. Бейсенова // Жұлдыз. – 2006. – № 10. – Б. 3-10.
  • Бейсенова, Ш. Әйел көңiлiнiң құбыласы. [Мәтiн] : әңгiме / Ш. Бейсенова // Аружан. – 2007. – № 12. – Б. 15-17.
  • Бейсенова, Ш. Загадки ночи [Текст] : рассказ / Ш. Бейсенова // Простор. – 2011. – № 6. – С. 158-165.

Хикаяттар

  • Бейсенова, Ш. Сүзгенің соңғы күндері [Мәтiн] : хикаят / Ш. Бейсенова // Жұлдыз. – 2008. – № 12. – Б. 3-29.
  • Бейсенова, Ш. Загипа-невестка [Текст] : повесть / Ш. Бейсенова; перевод А. Космухамедовой // Литературный Казахстан. – 2009. – № 3. – С. 102-125.

Ш. Бейсенованың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Кітаптар

  • Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр [Мәтін] : анықтамалық. – Алматы : Ана тілі, 2004. – Бейсенова Ш.: б. 78.
  • Қирабаев, С. Әдебиетті қайта оқу [Мәтін] : әдебиеттік зерттеулер мен мақалалар / С. Қирабаев. – Алматы : Балауса, 2010. – Бейсенова Ш.: б. 303-317.
  • Шығыс Қазақстаноблысы [Мәтін] : энциклопедия. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Бейсенова Ш.: б. 259-260.

Мақалалар

  • Омарханова, Ғ. “Сағыныш пен ерлікті жырлап келем” [Мәтін] : [Алаш халықаралық сыйлығының лауреаты жерлесіміз Шәрбану Қонақбайқызы Бейсеновамен сұхбат] / Ғ. Омарханова // Дидар. – 2001. – 18 қыркүйек. – Б. 4; Семь дней. – 2001; № 39. – Б. 7.
  • Әлпейісова, К. Әйел табиғатын әйелден артық кім түсінеді?! [Мәтін] / К. Әлпейісова // Қазақ әдебиеті. – 2007. – 30 қараша. – Б. 10-11.
  • Бозжанова, К. Қазақтың қадірлі қыздарының бірі – Шәрбану [Мәтін] / К. Бозжанова // Қазақ әдебиеті. – 2009. – 31 шілде. – Б. 7.
  • Ергөбек, Құлбек. Жөні бөлек, жосығы ерек [Мәтін] : жазушы Шәрбану Бейсенованың “Сүзгенің соңғы күндері” повесін талдау / Қ. Ергөбек // Егемен Қазақстан. – 2011. – 26 қаңтар. – Б. 9.

Ш. Бейсенованың қатысуымен жарық көрген кітаптар

  • Әшімбаев, С Азаматтыққа адалдық [Мәтін] : әдеби сын мақалалар, зерттеулер, толғаныстар / С. Әшімбаев, құрастырған Ш. Бейсенова. – Алматы : [Раритет], 2007. – 336 б.
  • Әшімбаев, С. Сын сымбаты [Мәтін] : әдеби сын мақалалар, ой-толғамдар / С. Әшімбаев, құрастырған Ш. Бейсенова – Алматы : Балауса, 2010. – 480 б.
Share