Ғылымға құштарлық, ізденіске іңкәрлік / Science is magic that works

Ғылымға құштарлық, ізденіске іңкәрлік / Science is magic that works

Жаңа оқу жылы қарсаңында кітапханамызда бүгінгі іс-шарада біздің оқырмандар ғылым мен жаңа білім әлеміне енді. Балалар зияткерлік тапсырмаларға қатысты, оларды орындай отырып, дұрыс жауаптары үшін ұпайлар жинай алды. Осылайша, қатысушыларымыз Chemical Lab/химиялық зертхана, Brain teaser/ойжұмбақ, Nature experts/Табиғат білгірлері, Coding/Кодтау, Shooting star/Метеор сияқты бірнеше кезеңдерден топтар бойынша жарыстан өтті. Станциялардың әрқайсысында балалар қазақ, орыс, ағылшын тіліндерінде қызықты тапсырмаларды орындап, мектеп білімін еске түсірді, сондай-ақ өздерін тапқырлыққа, ептілікке және топта жұмыс істеу қабілетіне тексере алды.

Share