Қабанбаев Марат (1948-2000) – балалар жазушысы
1948 жылы 22 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Ұлы-Қаратал ауылында дүниеге келген. 1975 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетін аяқтайды. Аудандық «Достық» газеті редакциясында корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет еткен. Кейін, 1973-1975 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде тілші, «Жалын» журналы редакциясында редактор қызметін атқарған. Қазақ ССР-інің Мемлекеттік баспа комитетінде (1977-1979), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, «Парасат» (1991-1992) журналында редактор, «Ана тілі» (1994-1998) газетінің бас редакторының орынбасары болды. 1999 ж. «Солдат» газетінің бас редакторы болып тағайындалды.
Алғашқы «Сөну» атты әңгімесі 1966 ж. «Жұлдыз» журналында жарияланды.
«Арыстан, мен, виолончель және қасапхана» (1977) кітабының, «Жиһанкез Тити» повестер жинағының авторы. «Бақбақ басы толған күн» кітабы балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармалардың республикалық сайысында 2-сыйлықты иеленген. Осы повестің желісімен «Қазақфильм» киностудиясында «12 жасқа толғанда» атты толық метражды көркем фильм түсірілген.
«Кермек дәм» романы автордың соғыс кезінде бірге өскен замандастарының тағдырын сипаттайды. Сондай-ақ, соғыс тақырыбы қаламгердің «Жаңғырық» (1991) әңгімесінде ашылған.
1988 жылғы Қазақстан Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы сыйлығының лауреаты және 1990 ж. Балалар кітабы бойынша Х.-К. Андерсен атындағы Құрмет дипломының иегері (ЮНЕСКО).
2000 ж. 26 маусымда Алматы қаласында өмірден озды.
М.Қабанбаевтың шығармалары:
- Қабанбаев, М. Бақбақ басы толған күн [Мәтін] : повестер, әңгімелер / М. Қабанбаев. – Алматы : Балалар әдебиеті, 2006. – 160 б. : портр. – (Балалар әдебиеті).
- Қабанбаев, М. Сурет салғым келмейді [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / М. Қабанбаев. – Алматы : Балауса, 1995. – 272 б.
- Қабанбаев, М. Туған жердің төрт мезгілі [Мәтін] : хикаяттар мен әңгімелер / М. Қабанбаев. – Алматы : Раритет, 2004. – 192 б. : суретті. – (Қазақ прозасы қазынасынан).
- Қабанбаев, М. Шығармалары [Мәтін] 1-т. Айшылық алыс жол: роман / М. Қабанбаев. – Астана : Фолиант, 2013. – 352 б. : портр. – (Алтай-Ертіс кітапханасы).
- Қабанбаев, М. Шығармалары [Мәтін]. 1-т. / М. Қабанбаев. – Алматы : Таймас, 2013. – 320 б. : портр.
- Қабанбаев, М. Шығармалары [Мәтін] 2-т. / М. Қабанбаев. – Алматы : Таймас, 2013. – 320 б. : портр.
- Қабанбаев, М. Шығармалары [Мәтін] 3-т. Жиһанкез Тити /М. Қабанбаев. – Алматы : Таймас, 2013. – 320 б. : портр.
- Қабанбаев, М. Шығармалары [Мәтін] 4-т. Айшылық алыс жол : роман / М. Қабанбаев. – Алматы : Таймас, 2015. – 320 б. : портр.
- Қабанбаев, М. Шығармалары [Мәтін] 5-т. Кермек дәм : роман / М. Қабанбаев.- Алматы : Таймас, 2015. – 320 б. : портр.
- Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. 1-т. Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары / құраст.: Ұ. Есдәулет, Қ. Құрмансейіт, Д. Кәпұлы . – Астана : Фолиант , 2011. – 304 б. : фотосурет.
- Шығыс Қазақстанда 2013 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер [Мәтін] : әдебиеттердің ұсыныс көрсеткіші / ШҚ облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы, Ақпараттық-библиографиялық орталық ; құраст. Ш. М. Нұрғалиева ; ред. А. Н. Абдакерова. – Өскемен : ОБЖК, 2012. – 46 б.
М. Қабанбаевтың мақалалары
- Қабанбаев, М. Ахмет Безухов [Мәтін] : әңгiме // Қазақ әдебиетi. – 1994. – 14 қаңтар. – Б. 8-9.
- Қабанбаев, М. Туған өлке өрнегі [Мәтін] : [өзінің балалық шағы туралы] / М. Қабанбаев // Қазақ совет балалар жазушылары : қаламгерлік өмірбаян жинағы.- Алматы, 1987.- Б.174-179.
- Қабанбаев, М. Адамның бiр қызығы бала деген [Мәтін] : [қазақ баласының тұрмыстық тәрбиесi туралы] / М. Қабанбаев // Ана тiлi. – 1994. – 13 қаңтар. – Б. 1, 4.
- Қабанбаев, М. Саттар [Мәтін] : [жазушы С. Ерубаев туралы эссе] / М. Қабанбаев // Ана тiлi. – 1994. – 3 ақпан . – Б. 3-4.
- Қабанбай, М. Тайқазан яки ошақтың үш тағаны [Мәтін] : [қазақстандағы тiл ахуалы туралы] / М. Қабанбаев //Ана тiлi.- 1994.- 31 наурыз.- Б.1-3.
- Қабанбаев, М. Тентек тiркестер [Мәтін] : [жазушының өмiрден көрген-бiлгендерi жайлы түйгендерi] / М. Қабанбаев // Жас Алаш. – 1994. -15 маусым.
- Қабанбай, М. Үндемеген – үйдей пәле![Мәтін] : [Қазақстан баспасөзiндегi кемшiлiктер жайлы] / М. Қабанбаев // Ана тiлi. – 1994. – мамыр. – Б. 1, 3.
- Қабанбай, М. Бес белес [Мәтін] : [Қазақстан Респ. егемендiгi туралы] / М. Қабанбаев // Ана тiлi. – 1996. – 24 қазан. – Б. 1,4.
- Қабанбай, М. Қазақ және Қазақстан [Мәтін] : [Қазақстан Респ. iшкi өмiрiндегi жаңалықтар мен өзгерiстер туралы] / М. Қабанбаев // Ана тiлi. – 1996. – 4 қаңтар. – Б. 1,4.
- Қабанбаев, М. Арманым суретшi болу едi… [Мәтін] : [белгiлi балалар жазушысының өзi туралы сұхбаты / М. Қабанбаев; әңг. Б. Досымов] // Ұлан. – 1998. – 31 наурыз. – Б. 4-5.
- Қабанбаев, М. “Салауат! Қанағат! Сабыр!” – дейдi Мекке, Мәдине [Мәтін] : [қазақстандықтардың Сауд Арабиясына қажылық сапарынан кейiнгi ой] / М. Қабанбаев // Ана тiлi. – 1998. – 14 мамыр. – Б. 12-13.
М. Қабанбаев туралы әдебиет
- Қазақстан [Мәтін] : ұлттық энциклопедия. 5 т. : К-Қ. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 1999. – Қабанбай Марат : б. 173.
- Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Қабанбай Марат : б. 420.
- Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі. – Алматы : Аруна, 2005. – (Мәдени мұра). – Қабанбай Марат : б. 283.
- Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары / құраст. Ұ. Есдаулет, К. Құрмансейіт, Д. Кәпұлы. – Астана : Фолиант, 2011. – Қабанбайұлы Марат: б. 98.
- Қазақстан жазушылары.ХХ ғасыр [Мәтін] : анықтамалық. – Алматы : Ана тілі, 2004. – Қабанбайұлы Марат: б. 169.
- Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. С. Қамшыгер; Қ. Жұмашева. – Алматы : Ан Арыс, 2009. – Қабанбайұлы Марат: б. 214.
- Балалар бағының бағбандары [Мәтін] : анықтамалық. – Алматы : Балалар әдебиеті, 2008. – 300 б. – Қабанбаев, М. (ол туралы).
- Жазушының жан сыры [Мәтін] : [жазушы М. Қабанбайдың Қазақстанның егемендiгi, ұлттық саясат және тiл тәуелсiздiгi жайлы толғанысы] // Қазақ әдебиетi. – 1995. – 6 қаңтар.- Б. 15.
- Қайсенов, Қ. “Партизан” жанрдың жауынгерi [Мәтін] : [жазушы, журналист М. Қабанбай туралы] / Қ. Қайсенов // Жас Алаш. – 1996. – 7 желтоқсан. – Б. 4.
- Мәмет, С. Кер маралдай керілген Марат еді [Мәтін] / С. Мәмет // Егемен Қазақстан. – 2000.- 27 маусым. – Б. 6. – Қабанбаев. М. (ол туралы).
- Сегізбай, К. Қош, қаламдас дос! Марат – ғұмыр тұйықталмайды [Мәтін] / К. Сегізбай // Ана тілі.- 2000. – 4 мамыр. – Б. 7. – Қабанбаев. М. (ол туралы).
- Ахметова К. Марат о бастан осындай еді… [Мәтін] / К. Ахметова // Ана тілі. – 2000. – 4 мамыр.- Б. 7. – Қабанбаев. М. (ол туралы).
- Әлім, А. «Қасқыр да қас қылмайды жолдасына» [Мәтін] / А. Әлім // Қазақ әдебиеті.- 2000.- 19 мамыр. – Б. 10. – Қабанбаев. М. (ол туралы).
- Жұртбай, Т. Қош, Кентавр! [Мәтін] / Т. Жұртбай // Ана тілі. – 2000. – 4 мамыр.- Б. 7. – Қабанбаев. М. (ол туралы).
- Марат Қабанбаев [Мәтін] : [қазанама] // Қазақ әдебиетi. – 2000. – 28 сәуiр. – Б. 12.
- Сыбанбай, С. Марат мектебінің түлегіміз [Мәтін] / С. Сыбанбай // Жас алаш.- 2001.- 26 сәуір. – Б. 4. – Қабанбаев. М. (ол туралы).
- Төленқызы, Р. Мен Кентавр – Маратты көрдім [Мәтін] / Р. Төленқызы // Жас алаш. – 2001. – 26 сәуір. – Б. 4. – Қабанбаев. М. (ол туралы).
- Ақыш, Б. Көркемдiк қолтаңбасы [Мәтін] : [жазушы М. Қабанбаев шығармашылығы жөнiнде бiрер ой] / Б. Ақыш // Жұлдыз. – 2002. – № 2. – Б. 141-152.
- Мәмесейітов, Т. Тоғысқан толқын [Мәтін] : әдеби-сын мақалалар / Т. Мәмесейітов. – Алматы : Жазушы, 2002. – 240 б. – Қабанбаев. М. (ол туралы).
- Нармаханова, Ж. “Нағыз Бейiмбетчик” [Мәтін] : [жазушы М. Қабанбаев туралы] / Ж. Нармаханова // Евразия-kz. – 2008. – 16 мамыр. – Б. 8.
- Білгенге маржан [Мәтін] : қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер / құраст. А. Қ. Керімтаев. – Алматы : Көркем баспасы, 2010. – 416 б. – Қабанбаев, М. (ол туралы).
- Қажыбаева, Д. К. Қазақ балалар әдебиеті [Мәтін] / Д. К. Қажыбаева. – Астана : Арман-ПВ, 2011. – 412 б. – Қабанбаев, М. (ол туралы).
- Садығұлова, А. Ш. М. Қабанбаев повестерiндегi бала психологиясының көркемдiк әлемi [Мәтін] / А. Ш. Садығұлова // Педагогика және оқушы психологиясы. – 2012. – № 2. – Б. 36-37.
- Байхонов, С. Жадымның жаңғырығы [Мәтін] : [жазушы М. Қабанбаевтың шығармашылығы жайында] / С. Байхонов // Жалын. – 2013. – № 1. – Б. 71-80.
- Кеңшілікұлы, Амангелді. Жүрек сөзі [Мәтін] : эсселер, әдеби зерттеулер мен мөлтек сырлар / А. Кеңшілікұлы. – Астана : Фолиант, 2013. – 336 б. – Қабанбаев, М. (ол туралы).
- Сақажанова, Ә. Қайталанбайтын талант [Мәтін] : [жазушы Марат Қабанбаев туралы] / Ә. Сақажанова // Егемен Қазақстан. – 2013. – 12 сәуiр. – Б. 7.
- Есдәулет, Ұ. Қаламгер Қабанбайға неге бір белгі жоқ? [Мәтін] : [белгілі балалар жазушысы Марат Қабанбайдың есімін мәңгі есте қалдыру туралы] / Ұ. Есдәулет // Дидар. – 2015. – 19 қараша. – Б. 26.
- Елубай, О. Қарасөздің Қабанбайы [Мәтін] : Марат Қабанбаевтың 70 жылдығына орай көлемді мақала / О. Елубай // Қазақ әдебиеті. – 2018. – Б. 8-9.
- Жағыпар, Қ. Фантаст-жазушы [Мәтін] : Марат Қабанбаевтың 70 жылдығына орай көлемді мақала / Қ. Жағыпар // Қазақ әдебиеті. – 2018. – Б. 9.