Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы ұсынылған болатын.
Жобаның басты мақсаты – Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту
El.kz порталында жалпыхалықтық онлайн-дауыс беру жүргізіліп, осының нәтижесінде барлығы 102 адам жеңімпаз атанып отыр. Екі үміткер жалпы топтан оқ бойы озық шыққан жүздіктен сәл ғана қалып тұрғандықтан, тізімге енгізілген көрінеді. Жалпы, іріктеу кезеңінде 340 мыңнан астам қазақстандық өздері таңдаған тұлғаларға 1 миллион 376 мың дауыс берген екен.
Онлайн-дауыс беруге 302 кандидат ұсынылып, үміткерлер қызмет саласы бойынша 6 санатқа бөлінді. Олар ғылым саласы, спорт, қоғам, медицина, мәдениет және бизнес саласы. Дауыс беруге ұсынылған кандидаттар елдің барлық өңірлерін қамтыды.
Шығыс Қазақстан облысынан 11 үміткер «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары атанды.