Қуаныш Жұмабекұлы

Қуаныш Жұмабекұлы –  4 тілді еркін меңгерген, қазақ тіліндегі туындыларды өзге тілде сөйлетіп жүрген, аудармашы, докторант. 1988 жылы Семей облысында дүниеге келген. 2006 жылы ШҚО бойынша өткен облыстық «М.О.Әуезов және әлемдік мәдениет» шығармашылық сайысында 100 үміткер ішінен М.Әуезовтың 20 томын жатқа айтқаны үшін Мұхтар Әуезов атындағы Семей университетінің грантын жеңіп, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алған. 2010-2012 жылдар аралығында Қайнар университетін «шет тілі: ағылшын-түрік» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2012-2014  жылдар аралығында Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде «шет тілі: ағылшын-түрік» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алған. 2015 жылдан бастап Түркия Республикасы, Өмер Халисдемир университетінің докторанты. 2015 жылы Анкарадағы «Bizim Büro» баспасынан ағылшын тілінде «Let’s Learn to Speak English» атты кітабы жарық көрген. 3 бөлімнен тұратын кітаптың сенсациялық жаңалығы – ағылшын грамматикасын басқа тілдерге сүйенбей, тікелей қазақ тілінде түсіндіретін алғашқы оқу құралы және қазақ ертегілерінің ағылшын тілінде ұсынылуы болды. Сонымен қатар, кітапта британдық ағылшын тілінен бөлек американдық ағылшын тілінің сөздігі де берілген.

Share